Өңірлер

Шығыс Қазақстанда орман өртінің негізгі бөлігі оқшауланды

© Photo : МЧС РКОрман өрті
Орман өрті - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.09.2022
Жазылу
Өңірде өрт орнында жедел штаб жұмысы ұйымдастырылды
НҰР-СҰЛТАН, 12 қыркүйек – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысының төтенше жағдайлар департаменті өңірдегі өрт жағдайы туралы айтты.
1 900 гектар аумақты құрайтын өрттің негізгі бөлігі 10 қыркүйекте таңертең Алтынбел ауылынан 12 шақырым жерде Ново-Березовка орман шаруашылығы аумағында оқшауланды.
11 қыркүйекте Күршім ауданында Бобровский орман шаруашылығы мен Төсқайың ауылдық округі аумағында 1 800 гектар аумақта өрт оқшауланды. Барлығы 29 техника мен 255 адам жұмылдырылды, оның ішінде облыстың өрт сөндірушілері, орманшылар, жергілікті атқарушы органдар мен полиция қызметкерлері бар. Оқиға орнында 4 тікұшақ жұмыс істеді, олар өрт басталған уақыттан бері 35 рет әуеден су тастады.
Ведомствоның хабарлауынша, бүгін таңертең Құйған ауылдық округі аумағында құрғақ шөп жанып жатқан "Заря" учаскесінде өрт оқшауланды. Мұндағы алдын ала өрт аумағы 2 000 гектарды құрады.
"Алтай өңірінде "Зырян орман шаруашылығы" және "Быковский орман шаруашылығы" КММ аумағындағы 2400 гектарға жайылған бұталар мен шөптердің өртін жергілікті атқарушы органдар, орманшылар, "Қазавиаорманкүзеті", таулы аймақтағы ТЖД өрт сөндірушілері сөндіріп жатыр. 2 тікұшақ – ҚР Қорғаныс министрлігінің МИ-17 және облыс әкімдігінің МИ-8 ұшағы жұмылдырылды. Олар өрт басталған уақыттан бері 145 рет әуеден су тастады.
Қазір табиғи өртпен күресуге 207 адам мен 29 техника жұмылдырылған. Ведомствоның мәліметінше, бүгінде елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ.
Жаңалықтар
0