Өңірлер

Қостанай облысында 96 млн теңге бюджет ақшасы ұрланды

© Sputnik / Абзал КалиевАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.09.2022
Жазылу
Бюджет қаржысы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге субсидия ретінде бөлінген
НҰР-СҰЛТАН, 12 қыркүйек – Sputnik. Қостанай облысында 96 млн теңге бюджет қаражатын жымқырған азаматқа қатысты қылмыстық іс аяқталды.
Қаржы мониторингі агенттігінің ақпаратынша, ер адам ауыл шаруашылығы саласы субъектілерінің сеніміне кіріп, оларды алдап бюджет қаражатын бірнеше рет жымқырған.
Ақша ауыл шаруашылығы тауарларының сапасы мен өнімділігін арттыру бағдарламасы аясында, соның ішінде картоп тұқымын сатып алу үшін субсидия түрінде бөлінген.
"Осы азаматтың қылмыстық әрекетінің салдарынан мемлекетке келтірілген жалпы шығын көлемі шамамен 96 млн теңгені құрады", - делінген хабарламада.
ҚПК 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.
Жаңалықтар
0