Нұр-Сұлтанда ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды

© Photo : департамент полиции АлматыҚаруланған адамдарды ұстау
Қаруланған адамдарды ұстау - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.09.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 12 қыркүйек – Sputnik. Нұр-Сұлтанда жедел іздестіру шаралары барысында ұйымдасқан қылмыстық топ құрықталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының арнайы жасағы қылмыстық топтың үш мүшесін ұстады. Олар бұзақылық жасағаны үшін айыпталып, құқық қорғау органдарынан жасырынып жүрген. Петропавл қаласында үшеуіне іздеу жарияланған болатын.
"Күдіктілерді ұстау кезінде травматикалық патрондармен оқталған "WALTHER", "ОСА" маркалы тапаншалары тәркіленді. Сондай-ақ, суық қару да болған", - дейді полицейлер.
Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 287-бабы ("Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру") бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. Осы қылмыс үшін екі жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Жаңалықтар
0