https://sputnik.kz/20220912/muqagali-filmi-qazan-kinofestival-27502318.html
"Мұқағали" фильмі Қазан кинофестивалінде қазылар алқасының арнайы жүлдесіне ие болды
"Мұқағали" фильмі Қазан кинофестивалінде қазылар алқасының арнайы жүлдесіне ие болды
Sputnik Қазақстан
Жүлде фильміндегі басты кейіпкерді сомдаған актер Асланбек Жанбалаевқа берілді 12.09.2022, Sputnik Қазақстан
2022-09-12T16:12+0500
2022-09-12T16:12+0500
2022-09-12T16:12+0500
мәдениет
мұқағали мақатаев
фильм
https://sputnik.kz/img/07e5/0b/1d/18775788_0:6:1365:774_1920x0_80_0_0_38eb63cb406d46ec19dcf30dddbb27fb.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 12 қыркүйек - Sputnik. Қазақстандық екі фильм Қазандағы халықаралық мұсылман кинофестивалінде жүлделі орындарға ие болды. "Көрермен көзайымы" жүлдесін Татарстан мен Қазақстанның бірлескен жобасы – "Тарлан" фильмі алды. Марапатты табыстау үшін фильмнің режиссері Юлия Захарова, фильмнің қазақстандық тараптағы бас продюсері Алмагүл Тілеуханова және фильмнің бас кейіпкері Бекежан Маясаров шақырылды. Қазылар алқасының арнайы жүлдесі "Мұқағали" (Қазақстан) фильміне бұйырды. Бұл туынды қазақтың ақыны Мұқағали Мақатаевқа арналған және фильм оның өмірінің соңғы жылдарын баяндайды. Жүлде фильміндегі басты кейіпкерді сомдаған актер Асланбек Жанбалаевқа берілді. "Мұқағали" фильмінің режиссері – Болат Қалымбетов. Фильмнің әлемдік тұсаукесері "Қараңғы түндер" 25-ші Таллин кинофестивалі (PÖFF) аясында өтіп, онда қазақстандық фильм экуменикалық қазылар алқасының жүлдесіне ие болды. Осы жылдың наурыз айында биографиялық картина Кералада (Үндістан) өткен 26-шы халықаралық кинофестивалдің "Әлемдік кино" номинациясы бойынша ұсынылды. 7-11 қыркүйек аралығында Татарстан астанасында Қазан халықаралық мұсылман кинофестивалі өтті. XVIII Қазан мұсылман кинофестивалі аясында жұртшылық назарына кинофорумның конкурстық және байқаудан тыс бағдарламаларының 120-дан астам кинотуындысы ұсынылды. Кинокөрсетілімдерін 10 мыңнан астам көрермен тамашалады. Іскерлік алаңға Ресей аймақтары мен алыс-жақын шет мемлекеттерден киноиндустрия саласының 165 өкілі қатысты. Негізгі байқау бағдарламасына Түркия, Қазақстан, Үндістан, Иран, Бангладеш, Мысыр фильмдері, сондай-ақ бірлескен өндірісте түсірілген екі фильм кірді. Биыл әлемнің 44 елінен барлығы 625 кинотуынды тіркелген.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0b/1d/18775788_163:0:1203:780_1920x0_80_0_0_74fd7b3e98d9e2e5583789b0b9847f5b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мұқағали мақатаев, фильм
"Мұқағали" фильмі Қазан кинофестивалінде қазылар алқасының арнайы жүлдесіне ие болды
Жүлде фильміндегі басты кейіпкерді сомдаған актер Асланбек Жанбалаевқа берілді
НҰР-СҰЛТАН, 12 қыркүйек - Sputnik. Қазақстандық екі фильм Қазандағы халықаралық мұсылман кинофестивалінде жүлделі орындарға ие болды.
"Көрермен көзайымы" жүлдесін Татарстан мен Қазақстанның бірлескен жобасы – "Тарлан" фильмі алды. Марапатты табыстау үшін фильмнің режиссері Юлия Захарова, фильмнің қазақстандық тараптағы бас продюсері Алмагүл Тілеуханова және фильмнің бас кейіпкері Бекежан Маясаров шақырылды.
Қазылар алқасының арнайы жүлдесі "Мұқағали" (Қазақстан) фильміне бұйырды. Бұл туынды қазақтың ақыны Мұқағали Мақатаевқа арналған және фильм оның өмірінің соңғы жылдарын баяндайды. Жүлде фильміндегі басты кейіпкерді сомдаған актер Асланбек Жанбалаевқа берілді.
"Мұқағали" фильмінің режиссері – Болат Қалымбетов. Фильмнің әлемдік тұсаукесері "Қараңғы түндер" 25-ші Таллин кинофестивалі (PÖFF) аясында өтіп, онда қазақстандық фильм экуменикалық қазылар алқасының жүлдесіне ие болды.
Осы жылдың наурыз айында биографиялық картина Кералада (Үндістан) өткен 26-шы халықаралық кинофестивалдің "Әлемдік кино" номинациясы бойынша ұсынылды.
7-11 қыркүйек аралығында Татарстан астанасында Қазан халықаралық мұсылман кинофестивалі өтті. XVIII Қазан мұсылман кинофестивалі аясында жұртшылық назарына кинофорумның конкурстық және байқаудан тыс бағдарламаларының 120-дан астам кинотуындысы ұсынылды. Кинокөрсетілімдерін 10 мыңнан астам көрермен тамашалады.
Іскерлік алаңға Ресей аймақтары мен алыс-жақын шет мемлекеттерден киноиндустрия саласының 165 өкілі қатысты. Негізгі байқау бағдарламасына Түркия, Қазақстан, Үндістан, Иран, Бангладеш, Мысыр фильмдері, сондай-ақ бірлескен өндірісте түсірілген екі фильм кірді. Биыл әлемнің 44 елінен барлығы 625 кинотуынды тіркелген.