Саясат

Мәскеуде Қазақстан – Ресей қарым-қатынасының өзекті мәселелері талқыланады

© Sputnik / Болат ШайхиновАрхивное фото флагов России и Казахстана
Архивное фото флагов России и Казахстана - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.09.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 12 қыркүйек – Sputnik. 22 қыркүйекте Мәскеуде Қазақстан – Ресей сыртқы істер министрліктері арасындағы кезекті консультациялары өтеді.
Тараптар ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін, соның ішінде көпжақты бірлестіктер аясындағы мәселелерді талқылайды, деп хабарлады сыртқы істер министрлігі.
"22 қыркүйекте Мәскеуде Қазақстан сыртқы істер министрінің орынбасары Ермұхамбет Қоныспаев пен Ресей сыртқы істер министрінің орынбасары Андрей Руденконың төрағалығымен Қазақстан – Ресей сыртқы істер министрліктерінің кезекті консультациялары өтеді", - деді Қазақстанның сыртқы саяси ведомствосының ресми өкілі Айбек Смадияров.
Оның айтуынша, шара барысында Қазақстан – Ресей қарым-қатынасының өзекті мәселелерін, сондай-ақ ЕАЭО, ҰҚШҰ, БҰҰ, ШЫҰ көпжақты бірлестіктері аясындағы екіжақты ынтымақтастықты талқылау жоспарланып отыр.
Смадияров дәл осы күні Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтында Қазақстан мен Ресей арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнатылғанына 30 жыл толуына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтетінін айтты. Шара барысында түрлі саладағы Қазақстан-Ресей ынтымақтастығын дамыту мәселелері талқыланады.
Жаңалықтар
0