Спорт

Головкин "Канеломен" жекпе-жек үшін Лас-Вегасқа барды

© Photo : Twitter/GGGBoxingГоловкин - Альварес
Головкин - Альварес - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.09.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 12 қыркүйек – Sputnik. Орта салмақтағы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин Сауль "Канело" Альвареспен үшінші жекпе-жегін өткізу үшін Лас-Вегасқа барды.
Әлеуметтік желіде Головкин "Вегастамын. Жекпе-жек аптасына дайынмын" деген жазуы бар сурет жариялады.
Қазақстандық пен мексикалық боксшы арасындағы жекпе-жек 17 қыркүйекте АҚШ-та Лас-Вегаста өтеді.
"Канелоға" тиесілі орта салмақтағы IBF, WBC, WBA Super және WBO титулдары бәске тігіліп тұр. Головкин үшін осы салмақтағы дебюттік жекпе-жек болмақ.
Геннадий Головкин  - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.07.2022
Спорт
Головкин: карьерамды аяқтауға әлі дайын емеспін
Жаңалықтар
0