https://sputnik.kz/20220912/europa-dagdarys-aldynda-tur-ma-27555671.html
Еуропа дағдарыс алдында тұр ма?
Еуропа дағдарыс алдында тұр ма?
Sputnik Қазақстан
Немістің жетекші Die Welt газеті журналист Даниэль Эккерттің Еуропадағы дағдарысты болжап, ол Рим империясының ыдырау қарсаңындағыдай ауқымды болатыны туралы... 12.09.2022, Sputnik Қазақстан
2022-09-12T18:05+0500
2022-09-12T18:05+0500
2022-09-14T11:05+0500
еуропа
https://sputnik.kz/img/501/84/5018465_0:257:2731:1793_1920x0_80_0_0_e4b95e5d1b2fd94a2e470e0e799da65d.jpg
Немістің жетекші Die Welt газеті журналист Даниэль Эккерттің Еуропадағы дағдарысты болжап, ол Рим империясының ыдырау қарсаңындағыдай ауқымды болатыны туралы мақаласын жариялады.Бұл тақырыпты жазда Spiegel журналы біршама қозғаған болатын. Автор III-V ғасырдағы Рим империясы мен қазіргі Германияның кейбір жекелеген проблемалары арасындағы ұқсастықты жазған, деп жазды РИА Новости.Ал Даниэль Эккерт бұл тақырыпты тереңірек қозғады. Ол Рим империясының құлдырауына әсер еткен екі негізгі жағдайды еске салды. Қазіргі заманғы пандемия және онымен мәнсіз күресуді ол кезінде римдік армияның соғысу қабілетіне және ірі қалалардағы экономикаға орасан зор кері ықпал еткен Антонинов обасымен салыстырды.Эккерт Еуроодақтың "шекті бағаға" қатысты идеясын да сынға алды. Себебі, Рим мемлекетінің бағаны, ең алдымен, нан бағасын шектеуге деген әрекеті империядағы экономикалық дағдарысқа алып келді. Ал оны сандық тұрғыдан жеңілдету ауқымды инфляция тудырды."Дегенмен, саяси әдептілік Эккертке әрбір адамның көзіне анық түсіп тұрған еуропалық құлдыраудың айқын белгілерін атап көрсетуге кедергі болды. Көне Риммен ең басты ұқсастық – варварлардың басқыншылығы. Халықтардың ұлы қоныс аударуы жоспарланған әскери акция емес екені анық. Әскери іс-қимылдар, римдік легионерлердің жеңілісі, қалалардың шабуылдарға ұшырауы болғаны белгілі. Бірақ, варварлар Рим аумағына үлкен керуендермен келіп, қазіргі босқындар секілді қоныстанып жатты", - деп жазды мақала авторы.Оның айтуынша, құлдырау кезеңінде Римнің ірі қалалары шетелдік азаматтарға лық толы болды. Мұның барлығы заманауи Еуропаға қарай ағылған мигранттарды еске түсіреді.Die Welt бұл туралы жазбай отыр. Басылымы бүгінде Еуропадағы ГЛБТ қауымдастығына қатысты қалыптасқан жағдай да Көне Римнің тәжірибесін негізге алып отырғаны туралы да үндемей отыр. Себебі, трансгендерлердің қазіргі заманғы діни-нанымының Римдегі Кибела ғұрпымен ұқсастығы өте көп.Эккерт Еуропадағы дағдарыс Көне Рим сценарийі бойынша өрбіп жатқанын жазды. Тарихшылар Гиббон мен Моммзеннің жазбаларында сипатталған империяның құлдырау кезеңі Еуропада айнытпай тура келіп жатыр. Әсіресе, "Рим империясының құлдырауы" атты еңбектің авторы Эдвард Гиббонның бұған дейін христиандар секілді агрессивті және шектен шыққан секта ұлы мемлекеттің түбіне жеткені туралы ойы дәл келіп тұр.Радикалды сектанттық идеологияны мемлекетті қирату үшін қолдану әдісі бүгінде белсенді қолданылып жатқанына бүкіл әлем куә. Ал қазір Еуропа ааумағында дәстүрлі діндерге қысым көрсетіліп жатыр. Шіркеулерді өртеп, қорлап, діни қызметкерлерге шабуыл жасап жатыр. Ал жанып кеткен Париж құдай анасының соборын қалпына келтіруге ешкімнің асығатын түрі жоқ."Бүгінде қоғамда белсенділігі артып жатқан саяси әдептілікті, ЛГБТ құқықтарын қорғайтын, BLM, MeToo, жаһандық жылуға қарсы, трансгендерлер ұйымдары адам құқықтары үшін күрес жүргізетін қозғалыс емес, қатаң заманауи дәнге айналды. Себебі, олардың әрқайсысының діни символы, өз әдет-ғұрпы, өз абызы бар. Бұлардың барлығына мемлекетке қарсылық ортақ. Олар деструктивті. Бұл мемлекетті қиратуға арналған қару қызметінде қолданылады", - деп жазды автор.Америкалықтар Еуропа аумағындағы бұл секталарға қолдау көрсеткенімен, олардың АҚШ-та мұндай бостандығы жоқ. Егер, Нью-Йоркте трансгендерлерге қысым көрсетілмесе, Флоридада оларға тыйым салынған. Егер демократиялық штаттарда түсік тастау операциясы үшін ақы төленсе, республикалық аймақтарда заңмен тыйым салынған.Жалпы, 2022-2023 жылғы қыстағы дағдарыс көпғасырлық тарихы бар Еуропаның алғашқы дағдарысы емес екен белгілі. Ескі Әлем өз тарихында талай қиын кезеңді бастан өткеріп, шама-шарқына қарай қайта жаңғыруға әрекет етіп келеді. Мәселе, еуропалықтардың сол дағдарыспен қалай күресуінде болып отыр.X ғасырда еуропалықтар 1000 жылы болатын ақырзаманды күтті. Барлығы Еуропаны құлдырау күтіп тұр деп сенді. XIV ғасырдағы обадан кейін де олар осылай ойлады. Отыз жылға созылған соғыстың қирандыларында апокалипсис үрейі туындады. Әр ретте еуропалық көшбасшылар "бәрі бітті" деп байбалам салды. Сондықтан, құлдырау мен қирауға қатысты формула – бұл әскери үгіт-насихат, милитаризация және күш біріктіру басталатын көне риторикалық айналым. Ол Еуропа бас көтеріп, туындаған проблеманы шешуге кіріскенін білдіреді. Бірақ Еуропаның ол проблемаларды қатаң әрекеттер арқылы шешетініне тарих куә."Назар аударсаңыз, Еуроодақтағы билеуші топ соңғы кезде радикалды сипатқа ие. Олардың барлығы "Ресейді жеңу" үшін аянбау қажеттілігін айтып жатыр. Осы мәселеде адам құқықтары мен еркіндігі мәселеден тыс қалып қойды. Конституциялық құқықтарын талап етіп, болашақ жайлы сұрақтарына жауап алуды көздеп, алаңға шыққан қауым асқан қатыгездікпен таратылып жатыр. ", - деп жазылған материалда.Автор атап өткендей, оған қоса, пандемияға қарсы шаралар, мыңдаған айыппұл тағы бар. Ресейлік медиаға тыйым салынып, еуропалық БАҚ-тағы бүкіл контент қатаң "сүзгіден" өтіп жатқаны да ашық айтылды. Сондықтан қазір Еуропада диктатура сипаты ара-тұра көрініс беріп жатыр.
еуропа
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/501/84/5018465_0:0:2731:2048_1920x0_80_0_0_543df1950fc08de0079e63e8f082b6ec.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
еуропа
Немістің жетекші Die Welt газеті журналист Даниэль Эккерттің Еуропадағы дағдарысты болжап, ол Рим империясының ыдырау қарсаңындағыдай ауқымды болатыны туралы мақаласын жариялады.
Бұл тақырыпты жазда Spiegel журналы біршама қозғаған болатын. Автор III-V ғасырдағы Рим империясы мен қазіргі Германияның кейбір жекелеген проблемалары арасындағы ұқсастықты жазған, деп жазды
РИА Новости.Ал Даниэль Эккерт бұл тақырыпты тереңірек қозғады. Ол Рим империясының құлдырауына әсер еткен екі негізгі жағдайды еске салды. Қазіргі заманғы пандемия және онымен мәнсіз күресуді ол кезінде римдік армияның соғысу қабілетіне және ірі қалалардағы экономикаға орасан зор кері ықпал еткен Антонинов обасымен салыстырды.
Эккерт Еуроодақтың "шекті бағаға" қатысты идеясын да сынға алды. Себебі, Рим мемлекетінің бағаны, ең алдымен, нан бағасын шектеуге деген әрекеті империядағы экономикалық дағдарысқа алып келді. Ал оны сандық тұрғыдан жеңілдету ауқымды инфляция тудырды.
"Дегенмен, саяси әдептілік Эккертке әрбір адамның көзіне анық түсіп тұрған еуропалық құлдыраудың айқын белгілерін атап көрсетуге кедергі болды. Көне Риммен ең басты ұқсастық – варварлардың басқыншылығы. Халықтардың ұлы қоныс аударуы жоспарланған әскери акция емес екені анық. Әскери іс-қимылдар, римдік легионерлердің жеңілісі, қалалардың шабуылдарға ұшырауы болғаны белгілі. Бірақ, варварлар Рим аумағына үлкен керуендермен келіп, қазіргі босқындар секілді қоныстанып жатты", - деп жазды мақала авторы.
Оның айтуынша, құлдырау кезеңінде Римнің ірі қалалары шетелдік азаматтарға лық толы болды. Мұның барлығы заманауи Еуропаға қарай ағылған мигранттарды еске түсіреді.
Die Welt бұл туралы жазбай отыр. Басылымы бүгінде Еуропадағы ГЛБТ қауымдастығына қатысты қалыптасқан жағдай да Көне Римнің тәжірибесін негізге алып отырғаны туралы да үндемей отыр. Себебі, трансгендерлердің қазіргі заманғы діни-нанымының Римдегі Кибела ғұрпымен ұқсастығы өте көп.
Эккерт Еуропадағы дағдарыс Көне Рим сценарийі бойынша өрбіп жатқанын жазды. Тарихшылар Гиббон мен Моммзеннің жазбаларында сипатталған империяның құлдырау кезеңі Еуропада айнытпай тура келіп жатыр. Әсіресе, "Рим империясының құлдырауы" атты еңбектің авторы Эдвард Гиббонның бұған дейін христиандар секілді агрессивті және шектен шыққан секта ұлы мемлекеттің түбіне жеткені туралы ойы дәл келіп тұр.
Радикалды сектанттық идеологияны мемлекетті қирату үшін қолдану әдісі бүгінде белсенді қолданылып жатқанына бүкіл әлем куә. Ал қазір Еуропа ааумағында дәстүрлі діндерге қысым көрсетіліп жатыр. Шіркеулерді өртеп, қорлап, діни қызметкерлерге шабуыл жасап жатыр. Ал жанып кеткен Париж құдай анасының соборын қалпына келтіруге ешкімнің асығатын түрі жоқ.
"Бүгінде қоғамда белсенділігі артып жатқан саяси әдептілікті, ЛГБТ құқықтарын қорғайтын, BLM, MeToo, жаһандық жылуға қарсы, трансгендерлер ұйымдары адам құқықтары үшін күрес жүргізетін қозғалыс емес, қатаң заманауи дәнге айналды. Себебі, олардың әрқайсысының діни символы, өз әдет-ғұрпы, өз абызы бар. Бұлардың барлығына мемлекетке қарсылық ортақ. Олар деструктивті. Бұл мемлекетті қиратуға арналған қару қызметінде қолданылады", - деп жазды автор.
Америкалықтар Еуропа аумағындағы бұл секталарға қолдау көрсеткенімен, олардың АҚШ-та мұндай бостандығы жоқ. Егер, Нью-Йоркте трансгендерлерге қысым көрсетілмесе, Флоридада оларға тыйым салынған. Егер демократиялық штаттарда түсік тастау операциясы үшін ақы төленсе, республикалық аймақтарда заңмен тыйым салынған.
Жалпы, 2022-2023 жылғы қыстағы дағдарыс көпғасырлық тарихы бар Еуропаның алғашқы дағдарысы емес екен белгілі. Ескі Әлем өз тарихында талай қиын кезеңді бастан өткеріп, шама-шарқына қарай қайта жаңғыруға әрекет етіп келеді. Мәселе, еуропалықтардың сол дағдарыспен қалай күресуінде болып отыр.
X ғасырда еуропалықтар 1000 жылы болатын ақырзаманды күтті. Барлығы Еуропаны құлдырау күтіп тұр деп сенді. XIV ғасырдағы обадан кейін де олар осылай ойлады. Отыз жылға созылған соғыстың қирандыларында апокалипсис үрейі туындады. Әр ретте еуропалық көшбасшылар "бәрі бітті" деп байбалам салды. Сондықтан, құлдырау мен қирауға қатысты формула – бұл әскери үгіт-насихат, милитаризация және күш біріктіру басталатын көне риторикалық айналым. Ол Еуропа бас көтеріп, туындаған проблеманы шешуге кіріскенін білдіреді. Бірақ Еуропаның ол проблемаларды қатаң әрекеттер арқылы шешетініне тарих куә.
"Назар аударсаңыз, Еуроодақтағы билеуші топ соңғы кезде радикалды сипатқа ие. Олардың барлығы "Ресейді жеңу" үшін аянбау қажеттілігін айтып жатыр. Осы мәселеде адам құқықтары мен еркіндігі мәселеден тыс қалып қойды. Конституциялық құқықтарын талап етіп, болашақ жайлы сұрақтарына жауап алуды көздеп, алаңға шыққан қауым асқан қатыгездікпен таратылып жатыр. ", - деп жазылған материалда.
Автор атап өткендей, оған қоса, пандемияға қарсы шаралар, мыңдаған айыппұл тағы бар. Ресейлік медиаға тыйым салынып, еуропалық БАҚ-тағы бүкіл контент қатаң "сүзгіден" өтіп жатқаны да ашық айтылды. Сондықтан қазір Еуропада диктатура сипаты ара-тұра көрініс беріп жатыр.