Мәдениет

Димаш Құдайберген жаңа клипінің үзіндісін бөлісті

Димаш Құдайберген - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.09.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 12 қыркүйек – Sputnik. Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген әлеуметтік желіде "Бір аспанның хикаясы" атты бейнебаянының тизерін бөлісті. Әнші бұл туындының тұсаукесері 24 қыркүйекте Алматыда фан-кездесу кезінде өтетінін айтты.
Әртіс жариялаған жазбада Димаштың 12 минуттық туындысы ғаламшардағы адамдардың бірлігіне арналған.
"Біз бәріміз нәсілге, ұлтқа, дінге бөлінгенмен, бәріміз бір ғаламшардың балаларымыз және бір аспанның астында өмір сүріп жатырмыз. Өмір – ең жоғары құндылық... Біздің ғаламшардың болашағы, адамдардың болашағы өз қолымызда, бүкіл әлемде тыныштық болсын. Біз – бір үйдің, бір жердің, бір аспанның балаларымыз", - деп жазды Димаш әлеуметтік желіде.
Клипті 24 қыркүйектен бастап тамашалауға болады. Димаш жақында Zhalyn әніне түсірілген жаңа бейнебаянын жарыққа шығарды.
Бұған дейін де әртістің жеке концерті 23 қыркүйекте Алматыда өтетіні хабарланған болатын.
Еске салсақ, биыл Димаш Құдайберген үлкен халықаралық концерттік тур жасады. 25 наурызда Құдайберген Дубайдағы Coca Cola Arena сахнасында өнер көрсетті. 8 сәуірде ол өзінің концерттік турын жалғастыру үшін Германияда болды. 24 сәуірде миллиондаған тыңдарманның сүйіктісі Чехияда концерт берді.
Жаңалықтар
0