https://sputnik.kz/20220912/almatyda-ulttyq-yadrolyq-zertteu-universitetinin-filialy-ashyldy-27501599.html
Алматыда Ұлттық ядролық зерттеу университетінің филиалы ашылды
Алматыда Ұлттық ядролық зерттеу университетінің филиалы ашылды
Sputnik Қазақстан
Мәскеу инженерлік-физикалық институтының Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да ашылған қазақстандық филиалы ресейлік университеттің 16-шы бөлімшесі атанды 12.09.2022, Sputnik Қазақстан
2022-09-12T15:44+0500
2022-09-12T15:44+0500
2022-09-12T15:44+0500
өңірлер
ұлттық ядролық орталық
алматы
https://sputnik.kz/img/07e6/09/0c/27496784_0:1:2554:1438_1920x0_80_0_0_c87e677ed59cbbf7d7a8996b5dcc62e1.png
НҰР-СҰЛТАН, 12 қыркүйек - Sputnik. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен МИФИ Ұлттық зерттеу ядролық университетінің ректорлары Алматыда ресейлік университеттің филиалын салтанатты түрде ашты. Мұнда қазақстандық студенттер заманауи технологиялар мен озық тәжірибені пайдалана отырып, ядролық және сабақтас мамандықтар бойынша жоғарғы білімді ала алады. Осы жылдың қаңтарында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда ресейлік техникалық университеттердің филиалдарын ашу қажеттілігі туралы айтқан болатын. Ал 10 ақпанда Ресей президенті Владимир Путинмен кездесуде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ базасында МИФИ-дің Ұлттық ядролық зерттеу университетінің филиалын ашу туралы шешім қабылданды. Бүгін, 12 қыркүйекте Алматыда филиалдың салтанатты ашылуы өтті. Шараға Ресейдің "Росатом" мемлекеттік корпорациясының өкілдері де қатысты. Бас директордың орынбасары Татьяна Терентьеваның айтуынша, "Росатом" әрқашан білім беру жобаларын қолдап келеді. Сонымен бірге, мемлекеттік корпорацияның серіктес елдер үшін кадрлар даярлауда МИФИ-мен арада үлкен тәжірибесі бар. "65 серіктес елден екі мыңнан астам студент және Қазақстан Республикасынан 700-ге жуық студент Ресейде ядролық және онымен байланысты мамандықтар бойынша білім алып жатыр. Біз филиалымызға студенттерге жаңа технологияларды пайдалана отырып, мәсееулік жобаларға қатысуға мүмкіндік беретін алты мультимедиялық панель тарту еттік. Сондықтан мен мұнда жоғары сапалы білім берілетініне сенімдімін", - деді Татьяна Терентьева. Филиалдың ашылуында сөз сөйлеген МИФИ Ұлттық зерттеу ядролық университетінің ректоры Владимир Шевченко Қазақстанда филиалды ашуға тұрақты қолдау көрсетіп, белсенді жұмыс атқарғаны үшін қазақстандық тарапқа зор алғысын білдірді. "Бізге бірінші курсқа келген студенттер бұл жұмыстарға тез бейімделеді деп үміттенемін және біз олардың орталық алаңның, филиалдар желісінің, "Росатом" бастаған серіктес кәсіпорындардың барлық мүмкіндіктеріне барынша қол жеткізуі үшін бар күшімізді саламыз", - деді Шевченко. ҚР ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің айтуынша, жақын арада Қазақстанда шетелдік техникалық университеттердің басқа да филиалдарын ашу мүмкіндігі қарастырылып жатыр. Соның арқасында елімізде әртүрлі техникалық мамандықтар бойынша білімді жас мамандар буыны қалыптасады.
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/09/0c/27496784_319:0:2236:1438_1920x0_80_0_0_14a1ff7ef745b975b7bb4617edadc719.pngSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ұлттық ядролық орталық, алматы
ұлттық ядролық орталық, алматы
Алматыда Ұлттық ядролық зерттеу университетінің филиалы ашылды
Мәскеу инженерлік-физикалық институтының Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да ашылған қазақстандық филиалы ресейлік университеттің 16-шы бөлімшесі атанды
НҰР-СҰЛТАН, 12 қыркүйек - Sputnik. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен МИФИ Ұлттық зерттеу ядролық университетінің ректорлары Алматыда ресейлік университеттің филиалын салтанатты түрде ашты.
Мұнда қазақстандық студенттер заманауи технологиялар мен озық тәжірибені пайдалана отырып, ядролық және сабақтас мамандықтар бойынша жоғарғы білімді ала алады.
Осы жылдың қаңтарында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда ресейлік техникалық университеттердің филиалдарын ашу қажеттілігі туралы айтқан болатын. Ал 10 ақпанда Ресей президенті Владимир Путинмен кездесуде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ базасында МИФИ-дің Ұлттық ядролық зерттеу университетінің филиалын ашу туралы шешім қабылданды. Бүгін, 12 қыркүйекте Алматыда филиалдың салтанатты ашылуы өтті.
"Осындай қысқа мерзімде техникалық университеттің филиалының ашылуы екі министрліктің, екі университет басшылығының зор еңбегі болып отыр. Бұл өте күрделі жұмыс, өйткені ол тек қағазбастылықпен ғана емес, студенттер үшін қызықты жан-жақты ойластырылған бағдарламамен де байланысты. Бізде білім берудің перспективалы бағыттары болуы керек. Біздің университеттер осы бағытта алты ай бойы жұмыс істеді", - деді ашылу салтанатында Ресей ғылым және жоғары білім министрінің орынбасары Наталья Бочарова.
Шараға Ресейдің "Росатом" мемлекеттік корпорациясының өкілдері де қатысты. Бас директордың орынбасары Татьяна Терентьеваның айтуынша, "Росатом" әрқашан білім беру жобаларын қолдап келеді. Сонымен бірге, мемлекеттік корпорацияның серіктес елдер үшін кадрлар даярлауда МИФИ-мен арада үлкен тәжірибесі бар.
"65 серіктес елден екі мыңнан астам студент және Қазақстан Республикасынан 700-ге жуық студент Ресейде ядролық және онымен байланысты мамандықтар бойынша білім алып жатыр. Біз филиалымызға студенттерге жаңа технологияларды пайдалана отырып, мәсееулік жобаларға қатысуға мүмкіндік беретін алты мультимедиялық панель тарту еттік. Сондықтан мен мұнда жоғары сапалы білім берілетініне сенімдімін", - деді Татьяна Терентьева.
Филиалдың ашылуында сөз сөйлеген МИФИ Ұлттық зерттеу ядролық университетінің ректоры Владимир Шевченко Қазақстанда филиалды ашуға тұрақты қолдау көрсетіп, белсенді жұмыс атқарғаны үшін қазақстандық тарапқа зор алғысын білдірді. "Бізге бірінші курсқа келген студенттер бұл жұмыстарға тез бейімделеді деп үміттенемін және біз олардың орталық алаңның, филиалдар желісінің, "Росатом" бастаған серіктес кәсіпорындардың барлық мүмкіндіктеріне барынша қол жеткізуі үшін бар күшімізді саламыз", - деді Шевченко.
ҚР ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің айтуынша, жақын арада Қазақстанда шетелдік техникалық университеттердің басқа да филиалдарын ашу мүмкіндігі қарастырылып жатыр. Соның арқасында елімізде әртүрлі техникалық мамандықтар бойынша білімді жас мамандар буыны қалыптасады.