Өңірлер

Алматыны дамытуға 6,1 трлн теңге қажет – Досаев

© Photo : Пресс-служба акима Алматы Алматы көрінісі
Алматы көрінісі - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.09.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 12 қыркүйек – Sputnik. Алматыны дамыту бағдарламасын жүзеге асыру үшін 6,1 триллион теңге қажет, деп мәлімдеді мегаполис әкімі Ерболат Досаев мәслихат сессиясында.
"Біздің алдын ала болжамымыз бойынша, 2030 жылға дейінгі бағдарламаның жалпы сомасы 6,1 триллион теңгені құрайды. Бұл ретте оның басым бөлігін немесе 55%-ін жеке инвестиция құрайды. Оның ішінде 1,3 триллион теңгені алдағы үш жылда тарту жоспарланып отыр. Қалған 2 триллион теңгеден астам ақша – 2030 жылға дейін тартылады", - деді Досаев.
Досаевтың айтуынша, даму бағдарламасында Алматының кескіні адамдарға арналған қала, тұрақты дамып келе жатқан экономикасы, қолайлы ортасы бар, әлемнің түкпір-түкпірінен таланттарды, технологиялар мен инвестицияларды тартатын үйлесімді мегаполис ретінде айқындалған.
"Алматы қаласын дамытудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы және 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективалар" құжаты бес айдың ішінде әзірленді.
Құжатты дайындауға 130 сарапшы, әкімдік мамандары және қоғам өкілдері атсалысты. Әкімдікте хабарлағандай, азаматтардың, депутаттар мен қоғамдық кеңес өкілдерінің 1 280 идеясы мен ұсынысы ескерілген.
Жаңалықтар
0