Алматы облысында жүк пойызы 120-дан астам қойды қағып кетті

© Sputnik / Тимур БатыршинВагондар
Вагондар - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.09.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 12 қыркүйек – Sputnik. Алматы облысында жүк пойызы 120-дан астам қойды қағып кетті.
Оқиға 12 қыркүйек күні сағат 01.24-те Алматы облысының "Жетіген-Құрөзек" станциясы аралығында болды.
"Жүк пойызының машинисі темір жолдан өтіп бара жатқан бір отар қойды байқап, шұғыл тежеу қолданды. Алайда, қақтығыстың алдын алу мүмкін болмады, соның салдарынан 530 бас қойдың 123-і поезд астына түсіп, өлді. Пойыздың тұрағы 13 минутты құрады", - деді Көліктегі полиция департаментінің бастығы Оңал Бекеев.
Оның айтуынша, оқиға орнына Алтынкөл станциясындағы желілік полиция бөлімшесінің қызметкерлері бірден жетіп, жүргізілген іс-шаралар барысында малдың иесін анықтады. Ол Алматы облысы Туғанбай ауылының 36 жастағы тұрғыны болып шықты.

Аталған азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Жаңалықтар
0