https://sputnik.kz/20220912/air-astana-21-mln-tengeden-astam-ayyppul-arqalady-27507873.html
Air Astana 21 млн теңгеден астам айыппұл арқалады
Air Astana 21 млн теңгеден астам айыппұл арқалады
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 12 қыркүйек – Sputnik. Азаматтық авиация комитеті индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаевтың тапсырмасы бойынша рейстерді... 12.09.2022, Sputnik Қазақстан
2022-09-12T18:03+0500
2022-09-12T18:03+0500
2022-09-12T18:18+0500
эйр астана
айыппұл
https://sputnik.kz/img/07e5/05/18/17138281_0:300:2573:1747_1920x0_80_0_0_0b94c575b5b12529f81db90ec040919e.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 12 қыркүйек – Sputnik. Азаматтық авиация комитеті индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаевтың тапсырмасы бойынша рейстерді кешіктіру кезінде жолаушылардың құқықтарын бұзғаны үшін авиатасымалдаушыларды жауапкершілікке тарту бойынша жұмысты жалғастыруда.Ведомство мәліметінше, жұмыс барысында 16 шілдеде "Эйр Астана" әуекомпаниясының Алматы – Нұр-Сұлтан бағыты бойынша КС-853 рейсі резервтік ұшу экипажын күту себебінен 27 сағат 21 минутқа кешіктірілгені анықталды. Аталған кезеңде қазақстандық авиакомпаниялар сегіз рет 8 000 АЕК (24 504 000 тг) сомасына әкімшілік жауапкершілікке тартылды.Азаматтық авиация комитеті жүргізіліп жатқан жұмыс шеңберінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының жолаушылар құқықтарын сақтау бөлігіндегі талаптарын ұстанады және тасымалдаушылар тарапынан қайталап бұзушылық фактілері анықталған жағдайда, көзделген шаралар қабылданатын болады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/05/18/17138281_0:59:2573:1989_1920x0_80_0_0_f7411c1f8b8abbc4bbe8bb7c051f6934.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
эйр астана, айыппұл
Air Astana 21 млн теңгеден астам айыппұл арқалады
18:03 12.09.2022 (жаңартылды: 18:18 12.09.2022) НҰР-СҰЛТАН, 12 қыркүйек – Sputnik. Азаматтық авиация комитеті индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаевтың тапсырмасы бойынша рейстерді кешіктіру кезінде жолаушылардың құқықтарын бұзғаны үшін авиатасымалдаушыларды жауапкершілікке тарту бойынша жұмысты жалғастыруда.
Ведомство мәліметінше, жұмыс барысында 16 шілдеде "Эйр Астана" әуекомпаниясының Алматы – Нұр-Сұлтан бағыты бойынша КС-853 рейсі резервтік ұшу экипажын күту себебінен 27 сағат 21 минутқа кешіктірілгені анықталды.
"Рейстің кешігуі кезінде жолаушыларға қолданыстағы заңнамада қарастырылған қызметтер ұсынылмады, атап айтқанда қонақ үйде тұру. Осыған байланысты, 6 қыркүйекте "Эйр Астана" әуекомпанияларына қатысты рейстің кешігуі кезінде жолаушылардың құқықтарын бұзғаны үшін 1 000 АЕК (3 063 000 тг) көлемінде айыппұл салынды. Осылайша, шілде айынан бастап "Эйр Астана" әуекомпаниясына қатысты жалпы сомасы 7 000 АЕК (21 441 000 тг) жеті айыппұл салынды", - делінген хабарламада.
Аталған кезеңде қазақстандық авиакомпаниялар сегіз рет 8 000 АЕК (24 504 000 тг) сомасына әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Азаматтық авиация комитеті жүргізіліп жатқан жұмыс шеңберінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының жолаушылар құқықтарын сақтау бөлігіндегі талаптарын ұстанады және тасымалдаушылар тарапынан қайталап бұзушылық фактілері анықталған жағдайда, көзделген шаралар қабылданатын болады.