Өңірлер

Талдықорғанда арнайы жасақ жауынгерлері отқа оранған үйдің тұрғындарын құтқарды

© Sputnik / Саид Царнаев / Медиабанкке өтуАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.09.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 11 қыркүйек – Sputnik. Талдықорғанда жедел әрекет ету арнайы жасағының жауынгерлері отқа оранған бес қабатты тұрғын үйден тұрғындарды эвакуациялады. Құтқарылғандардың арасында 92 жастағы кейуана да бар, деп хабарлайды Жетісу облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
7 қыркүйек күні арнайы жасақтың үш жауынгері Нұрсұлтан Оразалиев, Ермек Асатпаев және Медет Садықов "Восточный" шағын ауданында көпқабатты үйден қою түтін шығып жатқанын байқаған. Жігіттер алдымен өртті өздері сөндірмек болған, алайда одан еш нәтиже шықпады.
Сол кезде арнайы жасақ тұрғындарды эвакуациялап, өрт сөндірушілерді шақырды. Бірақ екінші қабаттағы пәтерде төсекке таңылған қарт әйел барын естіп, жалын шарпыған кіреберіске қайта кіріп, әжейді көтеріп алып шықты.
Аман қалған қарт әйел 10 баланың анасы болып шықты, "Еңбек ері", "Күміс алқа", "Алтын алқа" медальдарымен марапатталған. Кейуана өзінің құтқарушыларына алғыс айтты.
Қарияның қызы да арнайы жасақ жауынгерлеріне ризашылығын білдірді. Ол облыстық полиция департаментінің басшылығынан қиын сәтте көмек көрсеткен қызметкерлерді ынталандыруды сұрады.
Анықталғандай, өрт үшінші қабаттағы пәтердің балконынан шыққан, кейін ас үйге тараған. Тұрғын үйдің кіреберісі қас-қағым сәтте көк түтінге оранды.
Жаңалықтар
0