https://sputnik.kz/20220911/shandy-dauyl-usik-qar-12-qyrkuyekke-arnalgan-aua-rayy-bolzhamy-27477236.html
Шаңды дауыл, үсік, қар: 12 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы
Шаңды дауыл, үсік, қар: 12 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 11 қыркүйек – Sputnik. Қазақстан аумағының басым бөлігі кең Солтүстік-батыс антициклонның ықпалында болады. Осыған байланысты жауын-шашынсыз ауа... 11.09.2022, Sputnik Қазақстан
2022-09-11T18:13+0500
2022-09-11T18:13+0500
2022-09-11T18:13+0500
ауа райы
https://sputnik.kz/img/07e5/0b/13/18703189_0:65:1280:785_1920x0_80_0_0_a502cfc339464a0276b70d713b894c1c.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 11 қыркүйек – Sputnik. Қазақстан аумағының басым бөлігі кең Солтүстік-батыс антициклонның ықпалында болады. Осыған байланысты жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлады Қазгидромет. Елдің тек солтүстік, шығыс және оңтүстік-шығыс әлі де циклондық қызмет пен атмосфералық фронттардың ықпалында болып, жаңбыр жауады. Шығыста, оңтүстік-шығыста қатты жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде Алматы облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын күтіледі (жаңбыр қарға ұласады). Қазақстан аумағы бойынша желдің екпіні 15-23 м/с, еліміздің шығысы мен оңтүстік-шығысында 23-28 м/с болады, күндіз Маңғыстау облысында шаңды дауыл күтіледі. Республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында түнде және таңертең тұман түседі. Күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында бұршақ күтіледі. Қызылорда, Түркістан, Жетісу облыстарының басым бөлігінде, Абай облысының оңтүстігінде, шығысында, солтүстігінде, орталығында, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, Атырау облысының батысында төтенше өрт қаупі, Қостанай облысының оңтүстігінде жоғарғы өрт қауіпі сақталады. Түнде Ақмола облысының солтүстік-батысында, Солтүстік Қазақстан обласының солтүстік-шығысында, Қостанай, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының солтүстігінде 1-2 градус үсік күтіледі.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0b/13/18703189_74:0:1207:850_1920x0_80_0_0_8bfbc507eb5ad11420a7fc66e2bf8f65.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ауа райы
Шаңды дауыл, үсік, қар: 12 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы
НҰР-СҰЛТАН, 11 қыркүйек – Sputnik. Қазақстан аумағының басым бөлігі кең Солтүстік-батыс антициклонның ықпалында болады. Осыған байланысты жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлады Қазгидромет.
Елдің тек солтүстік, шығыс және оңтүстік-шығыс әлі де циклондық қызмет пен атмосфералық фронттардың ықпалында болып, жаңбыр жауады. Шығыста, оңтүстік-шығыста қатты жаңбыр, найзағай күтіледі.
Түнде Алматы облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын күтіледі (жаңбыр қарға ұласады). Қазақстан аумағы бойынша желдің екпіні 15-23 м/с, еліміздің шығысы мен оңтүстік-шығысында 23-28 м/с болады, күндіз Маңғыстау облысында шаңды дауыл күтіледі.
Республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында түнде және таңертең тұман түседі. Күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында бұршақ күтіледі. Қызылорда, Түркістан, Жетісу облыстарының басым бөлігінде, Абай облысының оңтүстігінде, шығысында, солтүстігінде, орталығында, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, Атырау облысының батысында төтенше өрт қаупі, Қостанай облысының оңтүстігінде жоғарғы өрт қауіпі сақталады.
Түнде Ақмола облысының солтүстік-батысында, Солтүстік Қазақстан обласының солтүстік-шығысында, Қостанай, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының солтүстігінде 1-2 градус үсік күтіледі.