Қызылордада коммуналдық қызметкерлер көшедегі тастарды жуып жүр

© Photo : Facebook (запрещено в РФ) / Сабит СултанКоммуналдық қызметкерлер
Коммуналдық қызметкерлер - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.09.2022
Жазылу
Қызылордалықтар коммуналдық қызметкерлерге көшедегі тасты жуғызуға қатысты дау шығарды
ҚЫЗЫЛОРДА, 11 қыркүйек – Sputnik. Қала белсендісі Сәбит Сұлтан желіде жеңіл гранитті тастарды қолмен жуып жатқан тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметкерлері бейнеленген суретін жариялады.
Соңғы уақытта мұндай тастар Қызылордада Сырдария жағалауындағы жолдар мен тас жолды бөліп тұратын кең жолақтарға сәндік үшін төселіп жүр.
© Photo : Facebook (запрещено в РФ) / Сабит СултанКоммуналдық қызметкерлер
Коммунальщики Кызылорды моют камни на набережной  - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.09.2022
Коммуналдық қызметкерлер
"Сіздерді қайдам, бірақ менің ойымша, жағалау бойына төселген ақ тастар мен бес километрге созылып жатқан қоршауды қолмен жуу өнбетін тірлік. Бұл ақылға қонымсыз. Осы қоршау мен мына тастарды неге алып тастамасқа? Күз бен көктем бойы қоршауды жуды. Енді бір ай бойы тастарды қолмен жуып жатыр. Неге? Қалада басқа шаруа жоқ па? Әлде қаражат, жұмысшы, техника, су көп пе? Түсінбедім", - деп жазды Сәбит Сұлтан өзі жариялаған сурет астындағы жазбада.
Сәбит Сұлтанның постына пікір қалдырған ондаған қызылордалық оның осы ойымен келіссіп қана қоймай, коммуналдық шаруашылық жұмысшыларына аяушылық танытпай отырған қала билігін сынға алды.
"Тас жуғанды естігенім де, көргенім де осы! Не деген сұмдық!", "Қанша арнайы техника қолданып, суды ысырап етіп, жолды бөгеп, бүкіл лай су автокөлік жүретін жолға ағып жатыр. Бұл бірреттік жұмыс емес екені анық", "Шығынды ойлап жатқан ешкім жоқ. Содан кейін бюджетте ақша жоқ деп құтылады", "Тастар бекітілмеген, қайта-қайта шашылып кетіп жатыр. Ал оны не себепті жуып жатқаны түсініксіз", "Адам күшін тиімсіз қолданудың бұдан өткен үлгісін көрмедім" деген сынды пікір қалдырды қызылордалықтар.
Алайда, Сәбит Сұлтан бұл посты бірнеше күн бұрын жариялағанына қарамастан, қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі осы мәселеге қатысты ешқандай пікір білдірмеді.
Жаңалықтар
0