Павлодарда он қабатты үйде пәтер өртеніп кетті

© Photo : МЧС РКПожар в жилом доме в Актобе
Пожар в жилом доме в Актобе - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.09.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 11 қыркүйек – Sputnik. Пәтерде үй заттары жанған, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәлімдеуінше, Павлодар қаласында Құдайбердиев көшесі, 10 мекенжайындағы өрт туралы хабар сағат 11:41-де түскен.
"10 қабатты үйдің 10-қабатындағы пәтерде орын алған өрт 14 шаршы метрді қамтыды. Үй заттары, жиһаз, балкон жанған. Өрт сағат 12:36-да сөндірілді", - деді департаментте.
ТЖД қызметкерлері баспалдақ арқылы 10 адамды, оның ішінде 1 баланы эвакуациялады.

Өрттің шығу себебі анықталуда. Оқиға орнына ТЖД 31 қызметкері мен 9 техника жұмылдырылды.
Жаңалықтар
0