Спорт

Головкин мен Канело жекпе-жегін қашан көруге болады

© AP Photo / Mark LennihanБоксер Геннадий Головкин
Боксер Геннадий Головкин - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.09.2022
Жазылу
Әйгілі бокс трилогиясы аяқталуға жақын – жекпе-жекке санаулы күн қалды
НҰР-СҰЛТАН, 11 қыркүйек – Sputnik. Қазақстандық Геннадий Головкин мен Сауль Канело Альварестің үшінші жекпе-жегімен аяқталатын кәсіпқой бокс кеші 18 қыркүйек күні Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 05.00-де басталады.
Sports.kz порталының хабарлауынша, Qazsport телеарнасы жекпе-жектің көрсетілімін жоспарлап отыр және Головкин мен Канело рингке шығатын болжамды уақыт "Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 08.00-ден кейін" деп көрсетілген.
Жекпе-жек Лас-Вегастағы (АҚШ, Невада штаты) T-Mobile аренасында өтеді.
Еске салсақ, Головкин мен "Канело" арасындағы үшінші жекпе-жек супер орта салмақ дәрежесінде өтеді. Геннадий үшін бұл 168 фунттағы салмақ бойынша алғашқы жекпе-жек болмақ.
Оның "Канеломен" алғашқы жекпе-жегі 2017 жылы өтіп, тең нәтижемен аяқталға және төрешілердің бұл қорытындысы үлкен дау тудырды. Ал 2018 жылы төрешілер басым дауыспен жеңісті Альвареске берді.
Дүниежүзілік бокс кеңесі (WBC) үшінші жекпе-жек үшін жеңімпазға арналған жаңа белбеуді ресми түрде таныстырды. "Сапотек" шеберлері дайындаған бұл белбеуге "ягуар-жауынгердің белбеуі" деген атау берілді. Себебі оның орталық элементінің екі жағында ягуар тырнақтары бейнеленген.
Жаңалықтар
0