Елорда тынысы

Елорданың жедел жәрдем станциясы жаңа көліктермен толықты

© Sputnik / Владислав ВодневАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.09.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 11 қыркүйек – Sputnik. Нұр-Сұлтан қаласында жедел жәрдем станциясына 55 жаңа көлік берілді. Бұл туралы елорда әкімі Алтай Көлгінов мәлімдеді.
"Медициналық орталықтар мен жедел медициналық жәрдем станциясын жүйелі түрде жабдықтау жұмысы жүріп жатыр. Жедел медициналық жәрдем станциясының автопаркіне тағы 55 автокөлік қосылды. Олардың басым бөлігі – реанимобильдер", - деп жазды қала басшысы әлеуметтік желідегі парақшасында.
Бұған дейін жедел жәрдем станциясына 100-ден аса автокөлік тапсырылған болатын.
Арнайы автокөліктер алғашқы медициналық көмек көрсету үшін қажетті жабдықтармен жабдықталған: өкпені жасанды желдету аппараты, дефибриллятор-мониторлар, электрлі сорғыштар, жедел медициналық көмек көрсету үшін реанимациялық құрылғылары бар жиынтықтар (электрокардиограф).
Көлгіновтің айтуынша, соңғы үш жыл ішінде медициналық мекемелер 3 мыңға жуық арнайы жабдықпен толық жабдықталды. Сонымен қатар, 40 "үй жанындағы дәрігер" нысаны (олардың 7-еуі елді мекендерде орналасқан) ашылды, бірқатар медициналық мекемеге жөндеу жүргізілді, 4 медициналық мекеменің құрылысы бойынша тиісті жобалар іске асып жатыр.
Бұдан бөлек, "Жағалау-3" және "Нұрлы жол" вокзалы аумағында амбулаторлы-емханалық кешен, Көктал-1, Пригородный, Тельман және тағы басқа елді мекендерде алғашқы медициналық-санитарлық көмек орталықтарының құрылысы жоспарланған.
Сондай-ақ медицина қызметкерлерінің жалақысы жүйелі деңгейде өседі, жоғары білім алуға жыл сайын гранттар бөлінеді.
Жаңалықтар
0