Жанкешті террористер АҚШ-тағы төрт жолаушылар ұшағын басып алып, оның екеуін Нью-Йорктегі Дүниежүзілік сауда орталығына бағыттаған күннен бері жиырма жылдан... 11.09.2022, Sputnik Қазақстан
Бұл күні, 11 қыркүйекте, әлемдік БАҚ әлемді дүр сілкіндірген оқиғаның суреттерін жариялауды әлі де жалғастырып жатыр. Сол күні қос мұнара опырыла құлаған еді. Қос ғимараттың жанында орналасқан басқа нысандардың күлі көкке ұшты.Терактіні "Әл-Каида"* тобы ұйымдастырған және оның жетекшісі Усама бен Ладен болған. 19 террористен бөлек, шабуыл кезінде 2 977 адам қаза болып, 24 адам із-түссіз жоғалып кетті. Бұл адам шығыны бойынша ең ірі терактіге айналды. АҚШ үшін 2001 жылдың 11 қыркүйегіндегі теракт шығыны ең төменгі бағалаудың өзінде 500 миллиард долларды құрады.Нью-Йорк символына айналған егіз мұнаралардың күйі қандай болды және адамдарды қалай іздеп, қалай құтқарды? Биіктен түсірілген сирек кездесетін кадрларды біздегі суреттер топтамасынан тамашалаңыздар.Әл-Каида* - Қазақстанда, Ресейде және бірқатар елде тыйым салынған террористік ұйым.
Жанкешті террористер АҚШ-тағы төрт жолаушылар ұшағын басып алып, оның екеуін Нью-Йорктегі Дүниежүзілік сауда орталығына бағыттаған күннен бері жиырма жылдан астам уақыт өтті
Бұл күні, 11 қыркүйекте, әлемдік БАҚ әлемді дүр сілкіндірген оқиғаның суреттерін жариялауды әлі де жалғастырып жатыр. Сол күні қос мұнара опырыла құлаған еді. Қос ғимараттың жанында орналасқан басқа нысандардың күлі көкке ұшты.
Терактіні "Әл-Каида"* тобы ұйымдастырған және оның жетекшісі Усама бен Ладен болған. 19 террористен бөлек, шабуыл кезінде 2 977 адам қаза болып, 24 адам із-түссіз жоғалып кетті. Бұл адам шығыны бойынша ең ірі терактіге айналды. АҚШ үшін 2001 жылдың 11 қыркүйегіндегі теракт шығыны ең төменгі бағалаудың өзінде 500 миллиард долларды құрады.
Нью-Йорк символына айналған егіз мұнаралардың күйі қандай болды және адамдарды қалай іздеп, қалай құтқарды? Биіктен түсірілген сирек кездесетін кадрларды біздегі суреттер топтамасынан тамашалаңыздар.
Әл-Каида* - Қазақстанда, Ресейде және бірқатар елде тыйым салынған террористік ұйым.
Бұл сурет Нью-Йорктегі терактіден зардап шеккен ауданның үстінен спутниктен түсірілген. Террористер шабуылынан кейін егіз мұнараның опырылуы салдарынан туындаған түтін Манхэттенді жауып қалды.