Түркістан облысында жүздеген отбасы атаулы әлеуметтік көмекті заңсыз алған

© Sputnik / Абзал КалиевАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.09.2022
Жазылу
331 отбасы атаулы әлеуметтік көмекті заңсыз алу үшін нақты табыстары мен жылжымайтын мүліктерін жасырған
НҰР-СҰЛТАН, 10 қыркүйек – Sputnik. Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мамандары нақты материалдық жағдайын жасыру арқылы құжат тапсырып, атаулы әлеуметтік көмек алған 300-ден астам отбасы туралы айтты. Белгілі болғандай, бұл отбасылар бағдарлама талаптарына сәйкес келмеген.
Облыстың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының тексерушілері атаулы әлеуметтік көмек төлеудегі заң бұзушылықтарды анықтады, деп хабарлайды "Хабар 24" телеарнасы. Енді заң бұзғандар барлық ақшаны мемлекетке қайтаруға міндетті. Қаражатты өз еркімен қайтарудан бас тартқандар сот алдында жауап береді.
Барлығы 38,5 миллион теңге көлемінде жәрдемақы заңсыз төленсе, оның 27 миллионы бюджетке қайтарылған. Сондай-ақ биыл бір ғана Түркістан облысында атаулы әлеуметтік көмек төлеуге 42 781 отбасыға 19 миллиард теңгеге жуық қаржы қарастырылғаны айтылды.
"Атаулы әлеуметтік көмек тағайындау кезінде әр аудан әкімдігі жанындағы комиссия отбасының материалдық жағдайын анықтау жұмыстарын жүргізеді. Олар дайындаған қорытынды бойынша отбасылардың атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаждық дәрежесі бағаланады. Осыдан кейін ғана жәрдемақы тағайындалады. Осы жерде сыбайлас жемқорлық қатері туындауы мүмкін", - дейді облыстағы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсия Темірбаева.
Бұл ретте ол жыл соңына дейін атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер барлық отбасыны арнайы тексеруден өткізу жоспарланып отырғанын атап өтті.
Жаңалықтар
0