Өңірлер

Оралда колледж студенті дене шынықтыру сабағында қайтыс болды

© Sputnik / Владислав ВодневАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.09.2022
Жазылу
Жас жігіт сабақ кезінде кенеттен құлап қалған
НҰР-СҰЛТАН, 10 қыркүйек – Sputnik. Орал политехникалық колледжінің студенті дене шынықтыру сабағында көз жұмды, деп хабарлайды "Мой город" порталы БҚО білім басқармасына сілтеме жасап.
Үшінші курс студенті дене шынықтыру сабағы кезінде кенеттен құлап қалған.
"Оқытушы мен медбике алғашқы көмек көрсетті. Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем бригадасы да реанимациялық шаралар жасады. Бірақ бозбала көз жұмды", - деді ведомство.
Студент ешқандай соққы және жарақат алмаған, деп нақтылады білім басқармасы.
Жаңалықтар
0