Спорт

Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин үйленді

© AP Photo/Lee Jin-manДмитрий Баландин
Дмитрий Баландин - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.09.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 10 қыркүйек – Sputnik. Рио Олимпиадасының алтын медаль иегері, қазақстандық танымал жүзуші Дмитрий Баландин үйленді, деп хабарлайды sports.kz порталы.
Олимпида чемпионы Дмитрий Баландин мен мәнерлеп жүзуден спорт шебері Кристина Тыныбаеваның үйлену тойы Алматыда өткен.
Әлеуметтік желіде салтанатты шара барысында Баландиннің досы қалыңдық көйлегін киіп, спортшыны алдап соқпақ болған видеосы тарады. Алайда жүзуші әзіл екенін бірден түсінді.
Еске салсақ, Дмитрий Баландин 2016 жылы Рио-де-Жанейрода өткен Олимпиада ойындарында чемпион атанды: ол 200 метрге брасс әдісімен жүзуде алтын медаль жеңіп алды.
Сондай-ақ, спортшы – Азия ойындарының үш дүркін чемпионы. Ал оның сүйіктісі Кристина Тыныбаева бұған дейін мәнерлеп жүзуден Қазақстан ұлттық құрамасында болған.
Обручальные кольца в руке - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.09.2021
Спорт
Дмитрий Баландин сүйіктісіне ұсыныс жасады – фото
Жаңалықтар
0