Елорда тынысы

Елордада ашық аспан астында концерт өтеді

© Photo : CC0 / StockSnapКонцерт
Концерт - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.09.2022
Жазылу
ЭКСПО аумағында ашық аспан астында "Береке – бірлікте!" атты концерт өтеді
НҰР-СҰЛТАН, 10 қыркүйек – Sputnik. Amanat партиясы Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары мен қонақтары үшін ашық аспан астында Қазақстанның эстрада жұлдыздары өнер көрсететін ауқымды концерт ұйымдастырады. Концертті кез келген адам тамашалай алады.
"Бүгін, 10 қыркүйекте ЭКСПО аумағында өтетін ашық аспан астындағы концертте елорда қонақтары мен тұрғындары жиырмаға жуық танымал қазақстандық әншінің өнерін тамашалай алады", - деп хабарлайды елорда әкімдігінің баспасөз қызметі.
Сахнада Мирас Жүгінісов, Наzима, Ninety One, Айқын Төлепберген, Ернар Айдар, Дильназ Ахмадиева, Yenlik, 2RAR, De Lacure сынды отандық жұлдыздар өнер көрсетеді.
"Сонымен қатар Ұлықпан Жолдасов, Алтынай Жорабаева, Бейбіт Қорған, Қанат және Светлана Айтбаевтар, Айдын Жұмабаев, Зарина Омарова, Естай Мұқашев, Майра Ілиясова, Хайролда Мұратбек, Арайлым Рахым ән шырқайды", - деді ведомстводағылар.
Шара кешкі сағат 18.00-де басталады.
Жаңалықтар
0