https://sputnik.kz/20220910/almatylyqtar-qala-biliginen-artsport-bagdarlamasyn-qaytarudy-talap-etti-27465395.html
Алматылықтар қала билігінен Artsport бағдарламасын қайтаруды талап етті
Алматылықтар қала билігінен Artsport бағдарламасын қайтаруды талап етті
Sputnik Қазақстан
Қала тұрғындары әкімдіктен балаларға арналған Artsport жобасын созуды сұрады 10.09.2022, Sputnik Қазақстан
2022-09-10T19:53+0500
2022-09-10T19:53+0500
2022-09-10T19:53+0500
спорт
балалар
https://sputnik.kz/img/327/95/3279563_0:242:4594:2826_1920x0_80_0_0_97a245617c1da33c74c48149fe689fbf.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 10 қыркүйек – Sputnik. Алматылық оқушылардың ата-аналары үйірмелер мен спорт секцияларына тегін қатысуға мүмкіндік беретін Artsport бағдарламасының жабылғанына наразылық білдіру үшін тағы да қала әкімдігіне келді.Алматылықтардың наразылығына Artsport бағдарламасының тоқтатылуы себеп болды, деп хабарлады "Хабар 24" телеарнасы.Алматы әкімі Ерболат Досаевтың айтуынша, балаларға арналған жобақаржылық қиындықтарға байланысты тоқтатылған.Белгілі болғандай, қала спорттық және шығармашылық тапсырыстарды жабдықтаушыларға2 миллиард теңгеден астам қарыз болып қалған. Күні кеше Алматы әкімі мәслихатқа қарызды өтеу үшін ақша бөлу мәселесін қарауды ұсынғанымен, тиісті қаражат әлі табылмай отыр.Жобаның уақытша жабылуының тағы бір себебі - қолданыстағы artsport.edu.kz платформасындағы ақау. Бұл жүйеде прокуратура екі мыңнан астам адамның деректері жалған екенін, соладамдар үшін үшін ақы алынғанын анықтады. Бұл тізімді жабдықтаушылардың өздері жасаған, қазір тергеу жүріп жатыр.Болашақта мұндай олқылықты болдырмау үшін жергілікті билік платформа әзірлеушісін ондағы техникалық кемшіліктерді жоюға шақырады. Әкімдікке келген ата-аналарға балаларға арналған балама бағдарлама әзірленіп жатқаны айтылды."Қыркүйек айында шілде-тамыз айларындағы қарызымызды өтеуді жоспарлап отырмыз. Содан кейін бағдарламаны одан әрі жалғастыру үшін қаражат іздейміз. Әзірше прокурорлар заң бұзушылықтарды тексеріп, ата-аналарға телефон соғып, балаларының үйірмелер мен секцияларға қатысқанын анықтап жатыр. Көбісі мұндай бағдарлама туралы тергеушілерден бірінші рет естіп отыр", - деді Алматы қаласы мәдениет басқармасының басшысы Ғани Майлыбаев.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/327/95/3279563_253:0:4342:3067_1920x0_80_0_0_0fad16ac0fad47a1246f40e0ac4e3c20.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
балалар
Алматылықтар қала билігінен Artsport бағдарламасын қайтаруды талап етті
Қала тұрғындары әкімдіктен балаларға арналған Artsport жобасын созуды сұрады
НҰР-СҰЛТАН, 10 қыркүйек – Sputnik. Алматылық оқушылардың ата-аналары үйірмелер мен спорт секцияларына тегін қатысуға мүмкіндік беретін Artsport бағдарламасының жабылғанына наразылық білдіру үшін тағы да қала әкімдігіне келді.
Алматылықтардың наразылығына Artsport бағдарламасының тоқтатылуы себеп болды, деп хабарлады "
Хабар 24" телеарнасы.
Алматы әкімі Ерболат Досаевтың айтуынша, балаларға арналған жобақаржылық қиындықтарға байланысты тоқтатылған.
Белгілі болғандай, қала спорттық және шығармашылық тапсырыстарды жабдықтаушыларға2 миллиард теңгеден астам қарыз болып қалған. Күні кеше Алматы әкімі мәслихатқа қарызды өтеу үшін ақша бөлу мәселесін қарауды ұсынғанымен, тиісті қаражат әлі табылмай отыр.
Жобаның уақытша жабылуының тағы бір себебі - қолданыстағы artsport.edu.kz платформасындағы ақау. Бұл жүйеде прокуратура екі мыңнан астам адамның деректері жалған екенін, соладамдар үшін үшін ақы алынғанын анықтады. Бұл тізімді жабдықтаушылардың өздері жасаған, қазір тергеу жүріп жатыр.
Болашақта мұндай олқылықты болдырмау үшін жергілікті билік платформа әзірлеушісін ондағы техникалық кемшіліктерді жоюға шақырады. Әкімдікке келген ата-аналарға балаларға арналған балама бағдарлама әзірленіп жатқаны айтылды.
"Қыркүйек айында шілде-тамыз айларындағы қарызымызды өтеуді жоспарлап отырмыз. Содан кейін бағдарламаны одан әрі жалғастыру үшін қаражат іздейміз. Әзірше прокурорлар заң бұзушылықтарды тексеріп, ата-аналарға телефон соғып, балаларының үйірмелер мен секцияларға қатысқанын анықтап жатыр. Көбісі мұндай бағдарлама туралы тергеушілерден бірінші рет естіп отыр", - деді Алматы қаласы мәдениет басқармасының басшысы Ғани Майлыбаев.