https://sputnik.kz/20220909/tmd-elderinin-kormesinde-xvi-gasyr-eskertkishterine-sayakhat-zhasauga-bolady--27435203.html
ТМД елдерінің көрмесінде XVI ғасыр ескерткіштеріне саяхат жасауға болады
ТМД елдерінің көрмесінде XVI ғасыр ескерткіштеріне саяхат жасауға болады
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 9 қыркүйек – Sputnik. Нұр-Сұлтанда ТМД-ға мүше мемлекеттердің Art Expo көрмесі аясында Ресейдің мәдениет пен өнер жетістіктерінің павильоны ашылды. 09.09.2022, Sputnik Қазақстан
2022-09-09T14:32+0500
2022-09-09T14:32+0500
2022-09-09T14:32+0500
ресей
көрме
https://sputnik.kz/img/07e6/09/09/27422937_0:133:3067:1858_1920x0_80_0_0_ef19ba2a57aa356d13d6a372ec5c5cd9.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 9 қыркүйек – Sputnik. Нұр-Сұлтанда ТМД-ға мүше мемлекеттердің Art Expo көрмесі аясында Ресейдің мәдениет пен өнер жетістіктерінің павильоны ашылды. Қазақстанның Ұлттық музейінде өткен шараға Ресей музейлерінің басшылары, мәдениет және тарих саласының өкілдері қатысты. Ресейдің Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Алексей Бородавкин өзінің құттықтау сөзінде шараға қатысушыларды ресейлік павильонның ашылуымен және "Музей роуд-шоуы" тұсаукесер сессиясымен құттықтады. "Көрмеде оннан астам отандық жетекші музейлердің экспонаттары көрермен назарына ұсынылады. Олардың ауқымы адам шығармашылығының сан алуан саласын қамтиды: тарих, әдебиет, бейнелеу және сәндік өнер, кино, ғарышты игеру және тағы басқа. Бұл экспозиция таныстыру үлгісі және мазмұны жағынан шынымен де бірегей", - деді Ресейдің Қазақстандағы елшісі.Алексей Бородавкин екі ел мен халықтардың түп тамыры ортақ болғандықтан, музейлер арасындағы ынтымақтастық Ресей-Қазақстан қарым-қатынасы үшін ерекше маңызды екенін атап өтті. "Басқаша айтқанда, қазақстандықтар үшін қымбат мәдени-тарихи мұра Ресей азаматтары үшін де қымбат екені даусыз және керісінше. Бүгінге жоспарланған іс-шаралар аясында ТМД-ға мүше мемлекеттердегі музей қауымы өкілдері жаңа байланыстар орнатып, әріптестік пен ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын анықтайтыны сөзсіз", - деді елші. Шара барысында сондай-ақ Ресей Мәдениет министрі Ольга Любимованың құттықтау сөзін ведомство басшысының орынбасары Владимир Осинцев оқып берді. "Ресей павильонының экспозициясында көрмеге келушілер ресейлік өнердің бірегей нысандарының сандық көшірмелерін көре алады. Бұл Сібір, Орталық Азия және Қиыр Шығыста тұратын халықтар мәдениетінің шедеврлері. Бұл экспонаттар ресейлік сәндік-қолданбалы өнердің эволюциясын, Достастық елдері кинематографының алғашқы еңбектерін көруге және XVI ғасырдағы сәулет ескерткіштерінен бүгінгі күнге дейін саяхат жасауға мүмкіндік береді", - деп жазылған ресейлік министрдің құттықтау сөзінде. Айта кету керек, павильонда отандық қолданбалы өнер шеберлерінің қатысуымен тоқыма өнері, қыш-құмыра жасау және зергерлік бұйымдар дайындау бойынша шеберлік сабақтары өтеді. Сонымен қатар, ТМД-ға мүше мемлекеттердің мүдделі құрылымдары мен мәдениет ұйымдары арасында шығармашылық байланыс орнату мақсатында олардың халық шығармашылығы саласындағы жетістіктерінің тұсаукесері өтеді. ART EXPO – ТМД аясындағы ынтымақтастықты дамытуға, ұлтаралық келісімді насихаттауға, басқа халықтардың мәдениетіне, тіліне және салт-дәстүріне құрметпен қарауға, өскелең ұрпақтың бойында патриоттық сезімді қалыптастыруға бағытталған кешенді шара.
ресей
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/09/09/27422937_0:0:2729:2047_1920x0_80_0_0_347fae501efe1d6e5ee386fe60794856.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ресей, көрме
НҰР-СҰЛТАН, 9 қыркүйек – Sputnik. Нұр-Сұлтанда ТМД-ға мүше мемлекеттердің Art Expo көрмесі аясында Ресейдің мәдениет пен өнер жетістіктерінің павильоны ашылды.
Қазақстанның Ұлттық музейінде өткен шараға Ресей музейлерінің басшылары, мәдениет және тарих саласының өкілдері қатысты.
Ресейдің Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Алексей Бородавкин өзінің құттықтау сөзінде шараға қатысушыларды ресейлік павильонның ашылуымен және "Музей роуд-шоуы" тұсаукесер сессиясымен құттықтады.
"Көрмеде оннан астам отандық жетекші музейлердің экспонаттары көрермен назарына ұсынылады. Олардың ауқымы адам шығармашылығының сан алуан саласын қамтиды: тарих, әдебиет, бейнелеу және сәндік өнер, кино, ғарышты игеру және тағы басқа. Бұл экспозиция таныстыру үлгісі және мазмұны жағынан шынымен де бірегей", - деді Ресейдің Қазақстандағы елшісі.
Алексей Бородавкин екі ел мен халықтардың түп тамыры ортақ болғандықтан, музейлер арасындағы ынтымақтастық Ресей-Қазақстан қарым-қатынасы үшін ерекше маңызды екенін атап өтті.
"Басқаша айтқанда, қазақстандықтар үшін қымбат мәдени-тарихи мұра Ресей азаматтары үшін де қымбат екені даусыз және керісінше. Бүгінге жоспарланған іс-шаралар аясында ТМД-ға мүше мемлекеттердегі музей қауымы өкілдері жаңа байланыстар орнатып, әріптестік пен ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын анықтайтыны сөзсіз", - деді елші.
Шара барысында сондай-ақ Ресей Мәдениет министрі Ольга Любимованың құттықтау сөзін ведомство басшысының орынбасары Владимир Осинцев оқып берді.
"Ресей павильонының экспозициясында көрмеге келушілер ресейлік өнердің бірегей нысандарының сандық көшірмелерін көре алады. Бұл Сібір, Орталық Азия және Қиыр Шығыста тұратын халықтар мәдениетінің шедеврлері. Бұл экспонаттар ресейлік сәндік-қолданбалы өнердің эволюциясын, Достастық елдері кинематографының алғашқы еңбектерін көруге және XVI ғасырдағы сәулет ескерткіштерінен бүгінгі күнге дейін саяхат жасауға мүмкіндік береді", - деп жазылған ресейлік министрдің құттықтау сөзінде.
Айта кету керек, павильонда отандық қолданбалы өнер шеберлерінің қатысуымен тоқыма өнері, қыш-құмыра жасау және зергерлік бұйымдар дайындау бойынша шеберлік сабақтары өтеді. Сонымен қатар, ТМД-ға мүше мемлекеттердің мүдделі құрылымдары мен мәдениет ұйымдары арасында шығармашылық байланыс орнату мақсатында олардың халық шығармашылығы саласындағы жетістіктерінің тұсаукесері өтеді.
ART EXPO – ТМД аясындағы ынтымақтастықты дамытуға, ұлтаралық келісімді насихаттауға, басқа халықтардың мәдениетіне, тіліне және салт-дәстүріне құрметпен қарауға, өскелең ұрпақтың бойында патриоттық сезімді қалыптастыруға бағытталған кешенді шара.