Шығыс Қазақстан облысының екі ауданында өрт толығымен сөндірілді

© Photo : Пресс-служба МЧС Казахстана Архивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.09.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 9 қыркүйек – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысында Ұлан ауданының Тарғын ауылындағы және Глубокое ауданының Каменный карьер кентіндегі өрт толығымен сөндірілді, деп хабарлады Алтайньюс.
ШҚО әкімінің айтуынша, өңірдегі өрт жағдайы тұрақты бақылауға алынған. Катонқарағай ауданының Қаратал ауылында да өрт ауыздықталды.
"Тұрғындар мен елді мекендерге төнген қауіп жоқ. Алайда Күршім ауданында жағдай шиеленісіп тұр. Өрт сөндірушілерге қатты жел кедергі келтіріп жатыр. Қазір өртті сөндіруге 300-ге жуық адам, 2 тікұшақ және 34 бірлік техника жұмылдырылды. Мұнда жұмыс тәулік бойы күндіз де, түнде де жүргізіліп жатыр. Өрттің елді мекендерге таралуына тосқауыл қойылды", - дейді ШҚО әкімі Даниал Ахметов.
Ал Алтай ауданында 2 тікұшақ жұмыс істеуде, 150 тоннадан астам су құйылды. Отпен күреске барлық күш бағытталып отыр. Өрттің таралуына жол берілмей, өрт ошақтарын сөндіру жұмыстары барынша жүріп жатыр.
"Мен төтенше жағдай министрімен келіссөз жүргіздім, облысқа жету қиын таулы жерлерде өртті сөндіру үшін тағы 2 тікұшақ келеді. Бүгінгі күні өртті жоюға барлығы 1167 адам, 123 бірлік техника, 5 МИ-8 тікұшағы, 2 МИ-2 тікұшағы, 1 Еврокоптер, 4 отын құюшы жұмылдырылды. Жағдай толығымен бақылауда. Жергілікті жерлерде орман басқармасының, ТЖД, жергілікті атқарушы органдардың мамандары жұмыс істеуде. Шаруа қожалықтарының техникасы да жұмылдырылды", - деп түсіндірді өңір басшысы.
Орман өрті - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.09.2022
Өңірлердегі өрт: Тоқаев премьер-министрге тапсырма берді
Жаңалықтар
0