Құрылысшылар одағы үкіметке 5 проценттік ипотека дайындауды ұсынды

© Sputnik / Нина Зотина / Медиабанкке өтуАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.09.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 9 қыркүйек – Sputnik. Халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін үкімет қолжетімді ипотекалық бағдарлама дайындау керек. Оның несие мөлшерлемесі 0-ден 5 процентке дейінгі аралықта болуға тиіс.
Өйтпеген жағдайда баспана мәселесі ушығып, алдағы 7-8 жылда үйге мұқтаждар саны 10 миллион адамға дейін артуы ықтимал. Бұл туралы "Қазақстан Құрылысшылар Одағы" ұйымдастырған жиында айтылды, деп хабрлады Хабар 24.
Одақ өкілдері үкімет құрылыс саласын қаржыландыру қажет деп санайды. Содан кейін елімізде ипотекалық бағдарламаны жүзеге асыру үшін құрылыс материалдары өндірісін дамыту керек. Яғни, оған да жоба жасап, қаржы бөлген жөн. Себебі құрылыс материалдарының басым бөлігі шетелден келеді. Қазақстанда соңғы 20 жыл бойы пәтер бағасы жыл сайын кем дегенде 10-20 процентке қымбаттайды.
"Егер қазірден бастап, үкімет құрылыс саласын дамытуға қатысты тиісті шаралар қабылдамаса бұл үрдіс тоқтамайды", - дейді жиынға қатысушылар.
Айта кетері, Біріккен Ұлттан ұйымының стандартына сәйкес, бір адамға баспана кем дегенде 30 шаршы метрден келуге тиіс, ал Қазақстанда бұл көрсеткіш 23 шаршы метрге тең.
"Жұмысшылар, тас қалайтындар, ағаш өңдейтіндер, өндірісте істейтіндер кезекке тұра алмайды. Неге ондай айырмашылық бар? Бір азаматтың құқығы басқа азаматтан артық па? Бұл әділетсіздік деп санаймын. Сондықтан біздің нарыққа ипотека керек", - дейді "Қазақстан құрылысшылар одағы" РЗТБ төралқа төрағасы Талғат Ерғалиев.
Жаңалықтар
0