Қоғам

Жыл басынан бері 11 мыңнан астам қандас оралды

© Sputnik / Александр Кряжев / Медиабанкке өтуАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.09.2022
Жазылу
Этникалық қазақтарға өңірлерге көшкенде біржолғы төлем және баспана жалдауға бір жыл бойы ай сайын ақша төленеді
НҰР-СҰЛТАН, 9 қыркүйек – Sputnik. 2022 жылдың басынан бері 11 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды, деп хабарлайды еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
1 қыркүйектегі жағдай бойынша 11 165 этникалық қазақ тарихи отанына оралып, қандас мәртебесін алды. 1991 жылдан бастап республикаға барлығы 1 млн 99,1 мың этникалық қазақ оралған.
Жыл басынан бері Қазақстанға келген қандастардың жартысынан астамы (69,6%) Өзбекстаннан, 10,5% – Қытайдан, 7,1% – Түркіменстаннан, 4,6% – Моңғолиядан және 8,3%-і басқа елдерден қоныс аударды. Олар негізінен Алматы (30,8%), Маңғыстау (17,2%), Түркістан (9,4%) және Жамбыл (6,8%) облыстарында, сондай-ақ Алматы (5,9%), Нұр-Сұлтан (7,5%) және Шымкент (7,6%) қалаларында қоныстанды.
Еңбекке қабілетті жастағы этникалық қазақтардың саны – 59,5%, еңбекке қабілетті жастан кіші адамдар – 27,1%, ал зейнеткерлер 13,4%-ті құрайды.
Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың білім деңгейі бойынша 12,3%-і – жоғары білімді, 38,9%-і – арнайы орта білімді, 47%-і – жалпы орта білімді және 1,7%-інің білімі жоқ.
Қазақстан төлқұжаты - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.09.2022
Қандастарды қабылдау тәртібі өзгереді
Қазақстан аумағында қандастарды тиімді қоныстандыру мақсатында еңбек министрлігі мемлекеттік органдармен бірлесіп, республикаға визалық режимдегі елдерден келген қандастарды қабылдау, қоныстандыру және бейімдеу бойынша орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылының қадамдық алгоритмін әзірледі.
Биылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша осы алгоритмге сәйкес Түрікменстаннан келген 741 этникалық қазаққа тұрақты тұру үшін нақты өңірді көрсете отырып, тиісті визалар берілді.
Бүгінгі күні Түркіменстаннан келген 666 этникалық қазақ виза негізінде мемлекеттік шекарадан өтті, оның ішінде 59 адам Павлодар облысына келді, 162 адам жұмыс күші тапшы басқа өңірлерге қоныс аударуға келісті, 45 адам Маңғыстау облысына қоныстандыру үшін өтініш берді (негіздемелері бар). Қалған этникалық қазақтар бойынша жұмыс күші тапшы өңірлерге қоныстандыру жұмыстары жүргізілуде.
Айта кетері, қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізген кезде этникалық қазақтар субсидия түрінде мемлекеттік қолдаудың мынадай шараларын алуға құқылы:
отбасының әрбір мүшесіне көшуге 70 АЕК мөлшерінде біржолғы төлем (2022 жылы – 222,6 мың теңге);
баспана жалдау және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу шығындарын жабу үшін төлем бір жыл ішінде ай сайын төленеді.
Төлем мөлшері қалаға қоныс аударған бір адам үшін 20 АЕК (61,3 мың теңге), отбасы мүшелерінің саны бес және одан көп болса 30 АЕК (91,9 мың теңге), ауылдық жерге қоныс аударған бір адам үшін – 15 АЕК (45,9 мың теңге), отбасы мүшелерінің саны бес немесе одан көп болса 21 АЕК (64,3 мың теңге) құрайды.
Жаңалықтар
0