Қарашығанақ кен орнында жөндеу жұмыстарына байланысты мұнай өндіру тоқтатылады

© SputnikҚарашығанақ кен орны
Қарашығанақ кен орны - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.09.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 9 қыркүйек – Sputnik. Қазақстандағы Қарашығанақ сұйық газ кен орнын игерушілер жоспарлы жөндеу жұмыстарына байланысты 12 қыркүйек пен 6 қазан аралығында мұнай өндіруді тоқтатпақ.
Ақпаратты энергетика министрлігінің баспасөз қызметі растады.
"12 қыркүйек пен 6 қазан аралығында Қарашығанақта мұнай өндіруді тоқтатып, кен орнында жоспарлы күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр, - деп хабарлады энергетика министрлігі.
Айта кетері, 1979 жылы ашылған Қарашығанақ кен орны әлемдегі ең ірі сұйық газ кен орындарының бірі болып саналады. Ол Қазақстанның солтүстік-батысында орналасқан және 280 шаршы километрден астам аумақты алып жатыр.
Қарашығанақ жобасы Қазақстан үкіметі мен Shell (29,25%), Eni (29,25%), Chevron (18%), "Лукойл" (13,5%) және "Қазмұнайгаздың" (10%) атынан жұмыс істейтін шетелдік компаниялар альянсы арасында жасалған өнімді бөлу туралы түпкілікті келісім шеңберінде жүзеге асырылып жатыр.
Бұрғылау, мұнай - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.09.2022
Экономика
Рекордтық көрсеткіш: биыл елде 17 млн тонна мұнай өнімі өндіріледі
Жаңалықтар
0