Қарағанды ​​облысында ауыл тұрғындары жарық пен сусыз өмір сүруге мәжбүр

© Sputnik / Ляля ЛиловаЕскі трансформатор жиі істен шығады
Ескі трансформатор жиі істен шығады - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.09.2022
Жазылу
Жергілікті тұрғындар барлық энергия жүктемесін көтеретін 60 жыл бұрын орнатылған ескі трансформаторға үміт артып отыр
НҰР-СҰЛТАН, 9 қыркүйек – Sputnik. Қарағанды ​​облысы Шет ауданына қарасты бірнеше ауылдың тұрғындары жарық пен сусыз өмір сүруге мәжбүр.
Олардың айтуынша, ауыл халқы бақшаларын қараусыз тастап, малдарын сатып жатыр. Мұндай жағдайда үй шаруасын реттеу мүмкін емес, деп хабарлайды Astana телеарнасы.
Жергілікті тұрғын Жексен Әбдірахманов бірнеше жыл бұрын қаладан ауылға көшіп келген. Ер адам сүт өңдеу кәсіпорнын ашуды жоспарлаған. Бірақ, фермердің айтуынша, желідегі кернеудің аздығынан сауын аппараты жиі өшіп қалады, оның үстіне тоңазытқыштарды жиі жөндеуге тура келеді, сүтті сақтау қиынға соғып тұр.
"Тоқ кернеуі жетіспейді. Ол азайғанда сауын машинасы тоқтап қалады. Бұл ауылда 20-30 бас сиыр ұстайтындар бар. Сонша сиырды қолмен саууды ойлап көріңізші? Кім шыдайды мұндайға? Менің фермамда 2 сиыр қалды", - деді фермер.
Олар осы мәселенің шешімін табуды өтініп, Amanat партиясына жүгінді. Партияның қоғамдық қабылдау қызметі мән-жайды анықтады. Белгілі болғандай, жергілікті энергетикалық монополист бұл жайттан хабардар екен.
"Бұл жеке кәсіпкер және оның ішкі желілері. Әкімдік пен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі құжаттарын дайындап, "Шетенергодан" жұмыс туралы есеп сұраған. Бірақ әлі есеп ұсынған жоқ. Amanat партиясы бұл мәселені республикалық деңгейде шешуге көмектеседі деп ойлаймыз", - деп түсіндірді Қарағанды ​​облысы Шет ауданы әкімінің орынбасары Дәурен Қарсембаев.
Депутаттардың айтуынша, егер монополист инвестиция іздегісі келмесе, оны мәселені шешумен айналысатын жеке азаматтарға тапсыру керек.
Жарық мәселесімен қатар Нұрталды ауылының тұрғындары су тапшылығын көріп отыр.
"Мүлдем су жоқ. Бақшаның бәрі қурап қалды. Жаңбыр жауса, бөшке толады. Бірақ жаңбыр жоқ", - дейді жергілікті тұрғын Ботагөз Тойымбетова.
Партия өкілдерінің айтуынша, жергілікті атқарушы органдар облыстық және аудандық бюджеттен дер кезінде қаржы сұрап, бұл мәселені әлдеқашан шешуге болар еді. Өйткені ауыз сумен қамтамасыз ету қашанда басты назарда тұр.
"Ауылдық елді мекендерге су тарту керек. Бұл мәселені облыстық мәслихаттың депутаттары қарастырып жатыр. Жобалық-сметалық құжаттамаға ақша бөлінді. Су келер жылға дейін тартылады деп ойлаймын", - деп сендірді Amanat партиясының республикалық қоғамдық қабылдауы меңгерушісінің орынбасары Азамат Біржанов.
Жаңалықтар
0