Еуропаға ауқымды дағдарыс қаупі төніп тұр

© Sputnik / Alexey Vitvitsky / Медиабанкке өтуКарлов мост в Праге, Чехия
Карлов мост в Праге, Чехия - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.09.2022
Жазылу
Қыс жақындаған сайын еуропалықтардың жылыту маусымына қатысты күдігі артып жатыр, Жалпы, Ескі Әлемде митинг, көтеріліс, наразылықтар мен толқулар жиілеп кетті, деп жазды РИА Новости .
Еуропалық БАҚ бұл тақырыпты қозғамауға тырысқанымен, қазір жергілікті үгіт-насихат жүргізушілердің өзі халық наразылығы артып жатқанын мойындап отыр. Германиядағы солшылдар партиясының жетекшісі, Шығыс Берлин тумасы Мартин Ширдеван истеблишментке наразылыққа толы күз болатыны туралы ескертті.
Наразылықтар географиясы Прагадан Лиссабонға, Лондоннан Лейпцигке дейінгі ауқымды алып жатқаны және оның саяси көпвекторлылығы таңғалдырады. Себебі, алаңға оңшылдар мен солшылдар, дәстүршілдіктер мен социалистер, либералистер мен анархистер шығып жатыр. Саяси ұстанымдарына қарамастан, бұл адамдарды қыста жағдай қандай болатыны тарулы үрей біріктіріп тұр.
Егер жалақы көтерілмесе, еуропалықтардың коммуналдық қызметке, азық түлік пен дәрі-дәрмекке қаражатты қайдан алатыны, рекордтық инфляцияға қарсы қалай күресетіні, кәсіпорындар банкротқа ұшырап, еңбекақыны төлеуден бас тартса, қандай амал қолданатыны беймәлім болып тұр.
"Барлығына Путин кінәлі деген сөзге енді ешкім сенбей отыр. Бұл мәлімдеме бастапқыда-ақ ақылға қонымсыз болатын. Ал Ресей бейбіт ұстанымы мен келісімге келуге дайын екенін танытқалы бері тіпті мәнін жоғалтты. Еуропалықтар антиресейлік санкциялар ресейліктерден бұрын Еуропа халқына зиян келтіріп жатқанын көріп отыр. Бұл Ескі Әлемді ондаған жылдар бойы шыға алмайтын дағдарысқа әкелетін түрі бар", - деп жазды мақала авторы.
Оның пікірінше, қазіргі жағдай АҚШ-тың Жапонияны дағдарысқа ұшыратқанына қатты ұқсайды. Соғыстан кейін америкалықтар Күншығыс елін капитализмнің үлгісіне айналдырып, қуатты коммунистердің билікке келуіне жол бермеу үшін оның экономикасына әдейі қолдау көрсетті. Бірақ 80-ші жылдардың басында АҚШ өзіне қуатты бәсекелес қалыптастырғанын түсініп, Жапонияға қарсы сауда соғысын бастап, түрлі тарифтер енгізіп, Plaza келісіміне қол қоюға мәжбүр етті. Соның салдарынан 1985 жылдан бері иен құнсызданып, жапон экономикасы әлі де дағдарыстан толық ес жиған жоқ.
Вашингтонның Еуропаға салған антиресейлік санкциялары да нағыз сауда соғысы. Бүгінде АҚШ-та газ бағасы Еуропаға қарағанда он есе арзан. Бұл американлықтардың өмір сүру деңгейін жақсартып қана қоймай, ондағы өнеркәсіптік өндіріске үлкен бәсекелестік басымдық береді. Соның салдарынан еуропалық тауар тұралап, бұл олардың зауыттарына, фабрикаларына, өнеркәсібіне, әлеуметтік саласына тоқырау әкеледі.
Осы проблеманы қатардағы еуропалықтар біртіндеп түсініп келеді. Австрия халқының қырық проценті антиресейлік санкцияларға қарсы. Ал италиялықтардың 51 проценті бұл шектеуді қолдамай отыр.и Немістердің 80 проценті Германия үкіметі Украинаға қару-жарақ жібермей, қақтығысты бейбіт жолмен шешуге атсалысуы керек деп санайды. Осындай талаптарды айтып, Прага мен Лейпцигте, Магдебург пен Софияда алаңға шыққан мыңдаған адамдардың бұл әрекетіне жергілікті үгіт-насихатшылар орыстарды айыптап отыр.
Ал шындығында, Кремльдің араласуынсыз-ақ АҚШ Ескі Әлемді дағдарысқа жақынатып жатыр. Сондықтан халық ашық наразылыққа көшті. Дегенмен, бұл көтерілістерден еуропалық саясат өзгеруі мүмкін бе? Танымал көзқарасқа сүйенсек, бұл наразылықтардан еш пайда жоқ. Жергілікті полиция өз ісін жақсы біледі: резеңке оқ-дәрі, көз ашытатын газ, полиция төбеттері, көлемді айыппұл мен шынайы жаза мерзімі.
Оның үстіне, бірнеше мыңдаған топты басқарып отырған жетекші де, нақты мақсат пен стратегия да жоқ. Бұл ұйымдасқан, бағдар нұсқайтын басшысы бар топ емес, бұл бар болғаны жеке мүдделерін қорғап шыққан адамдар тобы ғана. Олар көбіне өзара жауласып жүргендер. Сондықтан Батыстағы ауқымды наразылықтардың тағдыры бірдей. Күні кеше ғана аса дәулеттілерге қарсы күресуге талпынған Occupy Wall Street қозғалысы қайда? Сары жилеттер ше? Алыс қашықтыққа жүретін көлік жүргізушілері мен фермерлер қайда? Барлығы бүгінде тынышталған.
Сонымен қатар, сайлау механизмдері элитаны қалың бұқарадан мықтап қорғайды. Сайлаушыларда басшыларды ауыстыруға мүмкіндік жоқ. Немістерге сыртқы істер министрі Анналена Бербоктың халық еркінен тыс болса да Украинаның мүддесін қорғайтынын ашық әрі ағылшын тілінде айтқаны ұнамайды. Бірақ немістер Анналенаны қызметінен алып, орнына басқа саясаткерді қоя алмайды.
Қалай болғанда да, соңғы 75 жылда Еуропа мұндай үрейлі қыс қарсаңында тұрған емес. Сондықтан болашақта болатын көтерілістердің ауқымы әлі де ұлғая түспек. Екіншіден, Еуропада халық үніне құлақ асатын қуатты саясаткерлер жетерлік.
Жаңалықтар
0