Екібастұздың екі тұрғыны иттен зардап шекті

© Photo : Pixabay / JamesQubeРотвейлер
Ротвейлер  - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.09.2022
Жазылу
Әйелдердің бірін ит қағып құлатса, екіншісін қауып алды – енді агрессивті жануардың иесі 10 АЕК көлемінде айыппұл төлейді
НҰР-СҰЛТАН, 9 қыркүйек – Sputnik. Ротвейлер тұқымдас ит Екібастұз қаласының екі тұрғынына дене жарақатын салған, деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Екібастұзда ротвейлер 54 жастағы қала тұрғынына тап берді. Соққының салдарынан әйел басымен құлаған. Иттің иесі жәбірленушіге көмектеспей кетіп қалған. Жәбірленуші миы шайқалып, ауруханаға түскен, содан кейін осы жағдай туралы полицияға хабарлаған.
Мән-жайды анықтау кезінде сол күні тағы бір адамның осы иттен зардап шеккені белгілі болды. 35 жастағы қала тұрғыны "Шахтер" стадионының жанынан өтіп бара жатқанда, кенеттен қарғыбауы бар агрессивті ит жүгіріп келіп, оны қауып алған.
"Денсаулыққа зиян келтіру және залал келтіру бойынша арызбен сотқа жүгіну үшін жәбірленушілерге сараптама тағайындалды", - деді Екібастұз полиция басқармасының басшысы Қайыржан Шақарғалиев.
Екібастұз қаласының учаскелік полиция инспекторлары иттің 47 жастағы иесін анықтады. Үй жануарларының серуендеу тәртібін бұзғаны үшін полицейлер ит иесін әкімшілік жауапкершілікке тартты.
Ведомствода атап өткендей, биыл облыс бойынша полицейлер 168 ит пен мысықтың жануарларды серуендету ережесін бұзған иесіне айыппұл салған.
Ит - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.06.2022
Өңірлер
Ақтөбеде баланы ит талап тастады - әкім орынбасары өз кінәсін сезінетінін айтты
Жаңалықтар
0