https://sputnik.kz/20220909/bekbolat-tileukhan-ulttyq-sport-qauymdastygy-27446342.html
Бекболат Тілеуханның орнына Ұлттық спорт қауымдастығына жаңа басшы келді
Бекболат Тілеуханның орнына Ұлттық спорт қауымдастығына жаңа басшы келді
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 9 қыркүйек – Sputnik. Қазақ ұлттық спорт түрлері қауымдастығының жаңа президенті болып белгілі кәсіпкер және меценат, Altyn Qyran Foundation... 09.09.2022, Sputnik Қазақстан
2022-09-09T17:33+0500
2022-09-09T17:33+0500
2022-09-09T17:33+0500
спорт
бекболат тілеухан
ұлттық спорт түрлері
https://sputnik.kz/img/716/74/7167468_0:0:1920:1080_1920x0_80_0_0_286461f353db530f6a81268822137cca.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 9 қыркүйек – Sputnik. Қазақ ұлттық спорт түрлері қауымдастығының жаңа президенті болып белгілі кәсіпкер және меценат, Altyn Qyran Foundation қоғамдық қоры қамқоршылық кеңесінің төрағасы Исламбек Салжанов сайланды, деп хабарлайды мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.Бұған дейін қауымдастықты Бекболат Тілеухан басқарған болатын."Тәуелсіздік жылдарында ұлттық спорт түрлерін насихаттау және дамыту бағытында айтарлықтай жұмыс атқарылды. Жарыстар республикалық және халықаралық деңгейде өткізілді, қажетті инфрақұрылым пайда болды. Бүгінде қауымдастық алдында жаңа міндеттер тұр, оларға қол жеткізу үшін барлық тараптың күш-жігерін біріктіру қажет", – деді мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев қауымдастық құрылтайшыларының жиналысында.Исламбек Салжанов жиынға қатысушыларға сенім білдіргені үшін алғыс айтты."Біздің қауымдастық балалар спортына ерекше назар аударуы қажет. Бұған қоса, ұлттық спорт стандарттарын бекітіп, жаңа форматтарды енгізуді жоспарлап отырмыз. Мәселен, ұлттық ат спортын жаңғырту өте маңызды", – деді бизнесмен.Жиынға қатысушылар Қауымдастықтың бұрынғы басшылығы атқарған жұмыстарды және ұлттық спорт түрлерін дамытуға қосқан үлесін ерекше атап өтті.Сондай-ақ Ұлттық спорт қауымдастығының 2019-2022 жылдары атқарған қызметі туралы есеп тыңдалып, бірлестіктің жаңа басшылық құрамы сайланды.Айта кетері, Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы көкпар, аударыспақ, бәйге, жамбы ату, теңге ілу, тоғызқұмалақ және тағы басқа спорт түрлерін біріктіреді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/716/74/7167468_240:0:1680:1080_1920x0_80_0_0_3fba201585e718561c2a5b73dc0b5202.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
бекболат тілеухан, ұлттық спорт түрлері
бекболат тілеухан, ұлттық спорт түрлері
НҰР-СҰЛТАН, 9 қыркүйек – Sputnik. Қазақ ұлттық спорт түрлері қауымдастығының жаңа президенті болып белгілі кәсіпкер және меценат, Altyn Qyran Foundation қоғамдық қоры қамқоршылық кеңесінің төрағасы Исламбек Салжанов сайланды, деп хабарлайды мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.
Бұған дейін қауымдастықты Бекболат Тілеухан басқарған болатын.
"Тәуелсіздік жылдарында ұлттық спорт түрлерін насихаттау және дамыту бағытында айтарлықтай жұмыс атқарылды. Жарыстар республикалық және халықаралық деңгейде өткізілді, қажетті инфрақұрылым пайда болды. Бүгінде қауымдастық алдында жаңа міндеттер тұр, оларға қол жеткізу үшін барлық тараптың күш-жігерін біріктіру қажет", – деді мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев қауымдастық құрылтайшыларының жиналысында.
Исламбек Салжанов жиынға қатысушыларға сенім білдіргені үшін алғыс айтты.
"Біздің қауымдастық балалар спортына ерекше назар аударуы қажет. Бұған қоса, ұлттық спорт стандарттарын бекітіп, жаңа форматтарды енгізуді жоспарлап отырмыз. Мәселен, ұлттық ат спортын жаңғырту өте маңызды", – деді бизнесмен.
Жиынға қатысушылар Қауымдастықтың бұрынғы басшылығы атқарған жұмыстарды және ұлттық спорт түрлерін дамытуға қосқан үлесін ерекше атап өтті.
Сондай-ақ Ұлттық спорт қауымдастығының 2019-2022 жылдары атқарған қызметі туралы есеп тыңдалып, бірлестіктің жаңа басшылық құрамы сайланды.
Айта кетері, Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы көкпар, аударыспақ, бәйге, жамбы ату, теңге ілу, тоғызқұмалақ және тағы басқа спорт түрлерін біріктіреді.