Аймағамбетов тәрбиешілердің жұмысын жеңілдететін құжатқа қол қойды

© Sputnik / Болат ШайхиновЗанятия для детей в Арт центре ЭКСПО
Занятия для детей в Арт центре ЭКСПО - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.09.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 9 қыркүйек – Sputnik. Балабақша тәрбиешілері толтыруға міндетті құжаттардың санын азайтатын бұйрыққа қол қойылды. Бұл туралы оқу-ағарту министрлігінің басшысы Асхат Аймағамбетов хабарлады.
Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев мұғалімдерді қызметіне тән емес функциялардан босату міндетін қойған болатын.
Министрдің айтуынша, мемлекет басшысы қол қойған "Педагог мәртебесі туралы" заң осы бағытта қажетті нормаларды бекітіп, ауқымды жұмыстарды жүргізуге мүмкіндік берді. Осы жұмыстың шеңберінде алабақша тәрбиешілері толтыруға міндетті құжаттардың санын азайтатын бұйрыққа қол қойылды.

"2020 жылы орта, техникалық және кәсіптік білім беру деңгейіне де осындай тізім бекітілген болатын. Сол бұйрық арқылы мектеп пен колледж мұғалімдерінің есеп тапсыруын қатаң шектедік. Мысалы, мектеп мұғалімі күн сайын екі құжат ғана толтыруы керек: мектеп журналына (электронды) баға қою және сабақ жоспары. Алайда, мектепке дейінгі білім беру деңгейінде мұндай тізім реттелмегендіктен көптеген құжат проблемасы болды. Олардың тізімі балабақша басшылығының көзқарасы мен маңыздылығын түсінуге қатысты болды", - деді Аймағамбетов.

Енді қол қойылған бұйрыққа сәйкес тәрбиеші тек мынадай құжаттарды ғана толтырады:
оқу жылына арналған перспективалық жоспар (жылына бір рет толтырылады);
тәрбие-оқу процесінің циклограммасы (бір аптаға толтырылады);
диагностиканың (бастапқы, аралық, қорытынды өлшеулердің) нәтижелері бойынша оқу жылына арналған баланың жеке даму картасы, ол қажеттілігіне қарай толтырылып, жүргізіледі.
Енді мектепке дейінгі білім беру деңгейі бойынша министрлік айқындаған нақты тізбе бар. Сондай-ақ "Педагог мәртебесі туралы" заңда және Әкімшілік кодексте жазылған басқа да құжаттарды талап етуге жауапкершілік қарастырылған және айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартатын органдар да бар.
Жаңалықтар
0