https://sputnik.kz/20220909/auyl-khalqy-skrining-pilottyq-zhoba-27445247.html
Ауыл халқына скрининг жүргізу бойынша пилоттық жоба іске қосылады
Ауыл халқына скрининг жүргізу бойынша пилоттық жоба іске қосылады
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 9 қыркүйек – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі қыркүйектің ортасынан бастап ауыл халқына скрининг жүргізу бойынша пилоттық жобаны іске қосады. 09.09.2022, Sputnik Қазақстан
2022-09-09T16:23+0500
2022-09-09T16:23+0500
2022-09-09T16:23+0500
денсаулық
ауыл халқы
жоба
https://sputnik.kz/img/81/71/817138_0:269:2784:1835_1920x0_80_0_0_ad4511c14b5ebfd54b913c10668505c9.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 9 қыркүйек – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі қыркүйектің ортасынан бастап ауыл халқына скрининг жүргізу бойынша пилоттық жобаны іске қосады.Ведомство мәліметінше, 18 жастан бастап жаңа нысаналы топтарды анықтау арқылы ауыл тұрғындарын скринингпен қамтуды ұлғайту тәсілдері қайта қаралды.Министрдің айтуынша, биыл қыркүйек айының ортасында ауыл халқына скрининг жасау бойынша пилоттық жоба басталады. Ол ең алдымен Қарағанды (Абай аудандық орталық аураханасы), Ақмола (Аршалы аудандық орталық аураханасы) және Алматы облысында ( Еңбекшіқазақ ауданының орталық аурханасы) іске қосылады. Кейінірек бұл тәжірибе басқа өңірлерде кезең-кезеңмен енгізіледі.Айта кетері, "Ауылдағы денсаулық сақтауды жаңғырту" ұлттық жобасын жүзеге асыру аясында таяудағы екі жылда шалғайдағы елді мекендерді қоса алғанда барлық ауылды медициналық инфрақұрылыммен қамту, аудандық ауруханаларды көпбейінді медициналық мекемелер деңгейіне дейін жаңғырту, арнаулы медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру, ауыл халқын скринингпен қамту, ауылдағы медициналық ұйымдар базасында дәріхана пунктерін ашу, кадр мәселесі және ауылдағы медициналық көмекті дамытуға бағытталған басқа да мәселелерді шешу қарастырылған.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/81/71/817138_242:0:2717:1856_1920x0_80_0_0_d417c8472bc14869cf06b9cb3e3c961f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ауыл халқы, жоба
Ауыл халқына скрининг жүргізу бойынша пилоттық жоба іске қосылады
НҰР-СҰЛТАН, 9 қыркүйек – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі қыркүйектің ортасынан бастап ауыл халқына скрининг жүргізу бойынша пилоттық жобаны іске қосады.
Ведомство мәліметінше, 18 жастан бастап жаңа нысаналы топтарды анықтау арқылы ауыл тұрғындарын скринингпен қамтуды ұлғайту тәсілдері қайта қаралды.
"Бұрын ауыл жастары 30 бен 70 жас аралығындағы адамдарға жүргізілетін скринингтік тексерулерден тыс қалатын. Енді ауылдарда нысаналы топтар айқындалды. Олар: "Жастар" – 18-ден 29 жасқа дейін, "Еңбек – 1" – 30-дан 44 жасқа дейін, "Еңбек-2" – 45-тен 65 жасқа дейін және "Зейнеткер" – 66 жастан асқандар", – дейді денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният.
Министрдің айтуынша, биыл қыркүйек айының ортасында ауыл халқына скрининг жасау бойынша пилоттық жоба басталады. Ол ең алдымен Қарағанды (Абай аудандық орталық аураханасы), Ақмола (Аршалы аудандық орталық аураханасы) және Алматы облысында ( Еңбекшіқазақ ауданының орталық аурханасы) іске қосылады. Кейінірек бұл тәжірибе басқа өңірлерде кезең-кезеңмен енгізіледі.
Айта кетері, "Ауылдағы денсаулық сақтауды жаңғырту" ұлттық жобасын жүзеге асыру аясында таяудағы екі жылда шалғайдағы елді мекендерді қоса алғанда барлық ауылды медициналық инфрақұрылыммен қамту, аудандық ауруханаларды көпбейінді медициналық мекемелер деңгейіне дейін жаңғырту, арнаулы медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру, ауыл халқын скринингпен қамту, ауылдағы медициналық ұйымдар базасында дәріхана пунктерін ашу, кадр мәселесі және ауылдағы медициналық көмекті дамытуға бағытталған басқа да мәселелерді шешу қарастырылған.