https://sputnik.kz/20220909/almatyda-uy-tappagan-studentter-dalada-tunep-zhur-27413058.html
Кешке дейін пәтер табылмағаннан кейін далада түнейміз – алматылық студент
Кешке дейін пәтер табылмағаннан кейін далада түнейміз – алматылық студент
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 9 қыркүйек – Sputnik. Алматыда жатақханадан орын таппаған студенттер далада түнеп жүр. Жалға пәтер алуға қалтасы көтермеген жастар саябақтарда... 09.09.2022, Sputnik Қазақстан
2022-09-09T07:06+0500
2022-09-09T07:06+0500
2022-09-09T07:14+0500
студенттер
https://sputnik.kz/img/07e5/08/19/17946115_0:156:3001:1844_1920x0_80_0_0_83f06a04b881d36a963be9ab5798244e.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 9 қыркүйек – Sputnik. Алматыда жатақханадан орын таппаған студенттер далада түнеп жүр. Жалға пәтер алуға қалтасы көтермеген жастар саябақтарда, метро мен вокзалдарда, тіпті көлікте түнеуге мәжбүр. Ғылым және жоғары білім министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды. Дегенмен қиын жағдайға түскен студенттер бар болып шықты. Бұл туралы "Астана" арнасы хабарлады.Алматыдағы әйгілі "Жетім бұрышта үйді жалға берушілер таңның атысынан кештің батысына дейін жарнама жасап жүреді. Баспана іздеп сабылып жүрген студенттер де, ең алдымен, дәл осы жерге келеді. Мұнда үй іздеп келушілердің, оның ішінде студенттердің қарасы көп. Түрін жасыруды сұраған азаматтар да пәтерлердің қымбаттағанын айтып, ағынан жарылды. Сөздерінше, алатын шәкіртақылары жетпейді. Жоғарғы курс студенттері бұған дейін де талай рет саябақтарда түнеуге мәжбүр болғандарын айтты.Білім алушылар жатақханалардың көбінесе 1-ші курс оқитын студенттерге берілетінін айтып күйінеді. Амалдың жоқтығынан пәтерақы үшін түнде жұмыс істеуге тура келеді дейді. Пәтер іздеп, алаяқтарға ұрынып қалатындарын да жасырмады."Әсіресе, 1, 2, 3-курс студенттеріне өте қиын. Пәтер бағасы қымбат. Алдыңғы, өткен жылдағыларға қарағанда өте қымбат. 250-300 мыңға жуықтаған. Олардан қымбаттары да бар. Далада қонып жүрген студенттер өте көп", - дейді студенттер."Жетім бұрышты" жағалайтын риелторлар үйді клиентке көрсету үшін кемінде 2000 теңге қаражат алады. Егер үй ұнап жатса, қосымша тағы да қызметіне ақша алады екен. Бүгінде 1 бөлмелі пәтерді жалға алу құны орташа есеппен 160.000 теңгені құрайды, 2 бөлмелі пәтерлер 250.000 теңге болса, үш бөлмелі пәтерлердің бағасы 320.000 теңгеге жеткен.Ғылым және жоғары білім вице-министрі Қуаныш Ерғалиев далада түнеп жүргендерді кездестірмеген. Ол студенттерді жатақханамен қамту мәселесі толық шешілгенше Алматыда болатынын жеткізді. Қажет болған жағдайда орын жетпеген студенттер хостелдер мен қонақүйлерге орналастырылатынын айтты."Қосымша хостельдер болсын, бос жатақханалар немесе отельдермен келісіп, қазірдің өзінде 7 мыңнан астам орын тауып, студенттерді орналастырып жатыр. Мысалы, біз тұрған Абай университеті 4 отель, хостельмен келісіп, мыңнан астам студенттің тұруына мүмкіншілік жасады", - дейді ғылым және жоғары білім вице-министрі Қуаныш Ерғалиев.Айта кетері, Қазақстан бойынша студенттердің 30 пайызы Алматыда оқиды. Бұл дегеніміз 182 мың студент. Олардың 30 пайызы жатақханада, 30 пайызы пәтер жалдап тұрады. Ал қалғандары туыстарының немесе өз үйлерінде тұрады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/08/19/17946115_166:0:2833:2000_1920x0_80_0_0_e93f02ad3a2eeb029129e06a250eb968.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
студенттер
НҰР-СҰЛТАН, 9 қыркүйек – Sputnik. Алматыда жатақханадан орын таппаған студенттер далада түнеп жүр. Жалға пәтер алуға қалтасы көтермеген жастар саябақтарда, метро мен вокзалдарда, тіпті көлікте түнеуге мәжбүр. Ғылым және жоғары білім министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды. Дегенмен қиын жағдайға түскен студенттер бар болып шықты. Бұл туралы "
Астана" арнасы хабарлады.
Алматыдағы әйгілі "Жетім бұрышта үйді жалға берушілер таңның атысынан кештің батысына дейін жарнама жасап жүреді. Баспана іздеп сабылып жүрген студенттер де, ең алдымен, дәл осы жерге келеді. Мұнда үй іздеп келушілердің, оның ішінде студенттердің қарасы көп. Түрін жасыруды сұраған азаматтар да пәтерлердің қымбаттағанын айтып, ағынан жарылды. Сөздерінше, алатын шәкіртақылары жетпейді. Жоғарғы курс студенттері бұған дейін де талай рет саябақтарда түнеуге мәжбүр болғандарын айтты.
"Баспана мәселесі өте қиын болып тұр. Сөмкесін арқалап көшеде қаңғып жүрген студенттерді көп көрдім. Сабақтан кейін пәтер іздеп жүреміз де, кешке дейін табылмағаннан кейін амал жоқ, далада қаламыз. Скамейкаларда, арбатта түнеген кезіміз болды", - дейді студенттердің бірі.
Білім алушылар жатақханалардың көбінесе 1-ші курс оқитын студенттерге берілетінін айтып күйінеді. Амалдың жоқтығынан пәтерақы үшін түнде жұмыс істеуге тура келеді дейді. Пәтер іздеп, алаяқтарға ұрынып қалатындарын да жасырмады.
"Әсіресе, 1, 2, 3-курс студенттеріне өте қиын. Пәтер бағасы қымбат. Алдыңғы, өткен жылдағыларға қарағанда өте қымбат. 250-300 мыңға жуықтаған. Олардан қымбаттары да бар. Далада қонып жүрген студенттер өте көп", - дейді студенттер.
"Жетім бұрышты" жағалайтын риелторлар үйді клиентке көрсету үшін кемінде 2000 теңге қаражат алады. Егер үй ұнап жатса, қосымша тағы да қызметіне ақша алады екен. Бүгінде 1 бөлмелі пәтерді жалға алу құны орташа есеппен 160.000 теңгені құрайды, 2 бөлмелі пәтерлер 250.000 теңге болса, үш бөлмелі пәтерлердің бағасы 320.000 теңгеге жеткен.
"Мен осы жерде 20 жылдан бері отырамын. Пәтер өткіземін, өзім үй иесі емеспін. Біз үйді көрсетеміз. Ұнаса ғана тиісті ақшасын аламыз. Кейде клиенттің жағдайына да қараймыз. Кеше 2 бөлменің өзі 280 мың деп келді. Коммуналдық қызмет ішінде. Кеше біреу 2 бөлмені 350-ге өткіземіін деп келді. Неге олай қымбат десем, қазір бәрі қымбаттап жатыр, студенттер келіп жатыр дейді. Олардың жағдайын ойлап жатқан жоқ", - дейді риелтор Гүлшария Мұхамеджанова.
Ғылым және жоғары білім вице-министрі Қуаныш Ерғалиев далада түнеп жүргендерді кездестірмеген. Ол студенттерді жатақханамен қамту мәселесі толық шешілгенше Алматыда болатынын жеткізді. Қажет болған жағдайда орын жетпеген студенттер хостелдер мен қонақүйлерге орналастырылатынын айтты.
"Қосымша хостельдер болсын, бос жатақханалар немесе отельдермен келісіп, қазірдің өзінде 7 мыңнан астам орын тауып, студенттерді орналастырып жатыр. Мысалы, біз тұрған Абай университеті 4 отель, хостельмен келісіп, мыңнан астам студенттің тұруына мүмкіншілік жасады", - дейді ғылым және жоғары білім вице-министрі Қуаныш Ерғалиев.
Айта кетері, Қазақстан бойынша студенттердің 30 пайызы Алматыда оқиды. Бұл дегеніміз 182 мың студент. Олардың 30 пайызы жатақханада, 30 пайызы пәтер жалдап тұрады. Ал қалғандары туыстарының немесе өз үйлерінде тұрады.