https://sputnik.kz/20220908/putin-resey-alemdik-tartipti-ozgertuge-atsalysyp-zhatyr-27489223.html
Путин: Ресей әлемдік тәртіпті өзгертуге атсалысып жатыр
Путин: Ресей әлемдік тәртіпті өзгертуге атсалысып жатыр
Sputnik Қазақстан
Украинадағы арнайы операция Ресейдің ішінен әрі оның сыртқы саяси ұстанымдары бойынша нығаюына әкеледі. Бұл туралы Ресей президенті Владимир Путин... 08.09.2022, Sputnik Қазақстан
2022-09-08T18:18+0500
2022-09-08T18:18+0500
2022-09-12T11:19+0500
владимир путин
https://sputnik.kz/img/07e6/08/0f/26727111_0:0:2859:1609_1920x0_80_0_0_2053464cf39f4ea33399a51753615e45.jpg
Украинадағы арнайы операция Ресейдің ішінен әрі оның сыртқы саяси ұстанымдары бойынша нығаюына әкеледі. Бұл туралы Ресей президенті Владимир Путин Владивостокта мәлімдеді, деп жазды РИА Новости."Иә, әлемде де, ел ішінде де белгілі бір поляризация жүріп жатыр. Бұл тек пайда әкеледі деп ойлаймын. Өйткені қажетсіз, зиянды және алға жылжуымызға кедергі болатынның бәрі ысырылады. Біз қарқынды дамуға бет аламыз. Себебі, заманауи даму тек егемендікке негізделеді. Бұл бағыттағы біздің барлық қадамымыз егемендікті нығайтуға бағытталған", - деді Путин Шығыс экономикалық форумында сөйлеген сөзінде.Форумда Владимир Путиннің оң жағында генерал Мин Аун Хлайн – Мьянманың мемлекеттік әкімшілік кеңесінің төрағасы және оның Қарулы күштерінің қолбасшысы отырды. Генерал жергілікті конституцияның армия мемлекет бірлігінің кепілдігі екенін білдіретін ерекшелігін пайдаланып, Мьянма билігіне өткен жылдың ақпанында келді. Мин дауыс беру кезінде заңбұзушылықтар болғанын негізге алып, мемлекеттің негізін қалаған тұлғаның қызы Аун Сан Су Чжиді биліктен тайдырды.Содан кейін Батыс елдері мен АСЕАН жаңа билікті мойындамай, Су Чжи мен оның партиясын билікке қайтаруды талап етті. Содан кейін елде қос билікті жақтаушылар арасында қақтығыс күшейді. Жалпы, 75 жылдық тәуелсіздік тарихында Мьянмада орталық билік ел бірлігін сақтау үшін күресіп келеді. Сондықтан егемендік жылдарында Мьянманы негізінен әскерилер басқарғаны түсінікті.Жеті жыл бұрын генерал Мин Аун Хлайн бас қолбасшы ретінде билікті азаматтарға, яғни былтыр биліктен тайдырылған Су Чжиге тапсырды. Бірақ Мьянманың ішкі істерінің Ресей егемендігі нығаюына қатысы қандай?Жалпы генерал Ресейге алғаш рет келген жоқ: 2017 жылдан бері ол бұл елге жылына бірнеше рет келді. Ол Мәскеуде және аймақтарда болып, будда пагодаларын ашты, Қызыл алаңда әскери шерулерге қатысып, әскери зауыттарды аралады. Соңғы рет ол Ресейге екі ай бұрын жеке сапармен барған. Бірақ Владивостоктағы қазіргі кездесу оның Путинмен алғашқы ресми кездесуі, ал бейресми кездесулер туралы ақпарат жоқ."Себебі, Мьянманың үлкен геосаяси маңызына қарамастан, Ресей оның билеушісімен байланысты жария еткісі келмеді. Мин Шойгу және Патрушевпен кездесті, онымен кездесуге Лавров келді, дегенмен Ресей ресми түрде қайсыбір қашықтықты сақтады. Бірақ, Ресей алдыңғы жылғы көтерілістен кейін жаңа билікке бойкот жарияламай, Қытаймен бірге оған дипломатиялық қолдау көрсетті. Дегенмен, елдегі бірніш тұлғалардың бетпе-бет кездесуі қазір ғана жүзеге асырылып тұр", - деп жазды мақала авторы.Оның пікірінше, Батыс елдері өздеріне ғана тиімді әлемдік тәртіпті сақтап, басқа мемлекеттерді соған қарсылықсыз бағынуға мәжбүрлегісі келеді. Ал қарсылық танытқандарға қысым көрсету әдетке айналған. Мұндай жағдаймен Ресей 2014 жылы бетпе-бет келсе, осы жылы толыққанды сезінді. Батыс Ресейді мейлінше оқшаулауға тырысты. Бұған дейін мұндай елдер қатарында КХДР, Иран, Венесуэла, Судан, Сирия мен Мьянма болды.Бірақ 24 ақпаннан кейін барлығы түбегейлі өзгерді: енді Ресей атлантистермен дипломатиялық байланысты үзіп, қазіргі жаһандық тәртіпке түзетулер енгізуге кірісіп кетті. Бұл Ресейге батыстық емес елдермен қарым-қатынас құруға жаңа мүмкіндіктер ашты. Ресей толығымен дербестікке ие болып, өз мүдделері мен болашақты басшылыққа алып, геосаяси стратегияны қалыптастырып жатыр."Көпполярлылық және бейбітшілік идеясы әлем әлдеқайда әділ болуына, жаһандық тәртіп бір ғана мемлекеттің мүддесін қорғайтын ережелерге негізделмеуіне және тең қауіпсіздікке негізделуі керек. Басқа елдердің мүдделерін құрметтеу керек, олардың аумағының көлеміне, ЖІӨ көлеміне немесе қайсы бір елдің армиясында заманауи қару-жарақтың бар-жоғына қарамастан, оларға тең дәрежеде қарау керек. Бір тараптың ойлап тапқан ережелеріне емес, халықаралық құқықтың қағидаларына сүйену керек", - деді Путин форумда.Сондықтан РФ әлемде үстемдік етуші тараптың ұстанымына қарамастан, Ресеймен қарым-қатынас орнатуға ниет білдірген кез келген мемлекетке қолдау көрсетеді. Бұл әлемді жаңа тәртіп пен болашаққа жетелейтін қуатты байланысқа алып келеді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/08/0f/26727111_311:0:2859:1911_1920x0_80_0_0_a7b3059290a78e0ba02eb8823aa917d0.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
владимир путин
Украинадағы арнайы операция Ресейдің ішінен әрі оның сыртқы саяси ұстанымдары бойынша нығаюына әкеледі. Бұл туралы Ресей президенті Владимир Путин Владивостокта мәлімдеді, деп жазды
РИА Новости."Иә, әлемде де, ел ішінде де белгілі бір поляризация жүріп жатыр. Бұл тек пайда әкеледі деп ойлаймын. Өйткені қажетсіз, зиянды және алға жылжуымызға кедергі болатынның бәрі ысырылады. Біз қарқынды дамуға бет аламыз. Себебі, заманауи даму тек егемендікке негізделеді. Бұл бағыттағы біздің барлық қадамымыз егемендікті нығайтуға бағытталған", - деді Путин Шығыс экономикалық форумында сөйлеген сөзінде.
Форумда Владимир Путиннің оң жағында генерал Мин Аун Хлайн – Мьянманың мемлекеттік әкімшілік кеңесінің төрағасы және оның Қарулы күштерінің қолбасшысы отырды. Генерал жергілікті конституцияның армия мемлекет бірлігінің кепілдігі екенін білдіретін ерекшелігін пайдаланып, Мьянма билігіне өткен жылдың ақпанында келді. Мин дауыс беру кезінде заңбұзушылықтар болғанын негізге алып, мемлекеттің негізін қалаған тұлғаның қызы Аун Сан Су Чжиді биліктен тайдырды.
Содан кейін Батыс елдері мен АСЕАН жаңа билікті мойындамай, Су Чжи мен оның партиясын билікке қайтаруды талап етті. Содан кейін елде қос билікті жақтаушылар арасында қақтығыс күшейді. Жалпы, 75 жылдық тәуелсіздік тарихында Мьянмада орталық билік ел бірлігін сақтау үшін күресіп келеді. Сондықтан егемендік жылдарында Мьянманы негізінен әскерилер басқарғаны түсінікті.
Жеті жыл бұрын генерал Мин Аун Хлайн бас қолбасшы ретінде билікті азаматтарға, яғни былтыр биліктен тайдырылған Су Чжиге тапсырды. Бірақ Мьянманың ішкі істерінің Ресей егемендігі нығаюына қатысы қандай?
Жалпы генерал Ресейге алғаш рет келген жоқ: 2017 жылдан бері ол бұл елге жылына бірнеше рет келді. Ол Мәскеуде және аймақтарда болып, будда пагодаларын ашты, Қызыл алаңда әскери шерулерге қатысып, әскери зауыттарды аралады. Соңғы рет ол Ресейге екі ай бұрын жеке сапармен барған. Бірақ Владивостоктағы қазіргі кездесу оның Путинмен алғашқы ресми кездесуі, ал бейресми кездесулер туралы ақпарат жоқ.
"Себебі, Мьянманың үлкен геосаяси маңызына қарамастан, Ресей оның билеушісімен байланысты жария еткісі келмеді. Мин Шойгу және Патрушевпен кездесті, онымен кездесуге Лавров келді, дегенмен Ресей ресми түрде қайсыбір қашықтықты сақтады. Бірақ, Ресей алдыңғы жылғы көтерілістен кейін жаңа билікке бойкот жарияламай, Қытаймен бірге оған дипломатиялық қолдау көрсетті. Дегенмен, елдегі бірніш тұлғалардың бетпе-бет кездесуі қазір ғана жүзеге асырылып тұр", - деп жазды мақала авторы.
Оның пікірінше, Батыс елдері өздеріне ғана тиімді әлемдік тәртіпті сақтап, басқа мемлекеттерді соған қарсылықсыз бағынуға мәжбүрлегісі келеді. Ал қарсылық танытқандарға қысым көрсету әдетке айналған. Мұндай жағдаймен Ресей 2014 жылы бетпе-бет келсе, осы жылы толыққанды сезінді. Батыс Ресейді мейлінше оқшаулауға тырысты. Бұған дейін мұндай елдер қатарында КХДР, Иран, Венесуэла, Судан, Сирия мен Мьянма болды.
Бірақ 24 ақпаннан кейін барлығы түбегейлі өзгерді: енді Ресей атлантистермен дипломатиялық байланысты үзіп, қазіргі жаһандық тәртіпке түзетулер енгізуге кірісіп кетті. Бұл Ресейге батыстық емес елдермен қарым-қатынас құруға жаңа мүмкіндіктер ашты. Ресей толығымен дербестікке ие болып, өз мүдделері мен болашақты басшылыққа алып, геосаяси стратегияны қалыптастырып жатыр.
"Көпполярлылық және бейбітшілік идеясы әлем әлдеқайда әділ болуына, жаһандық тәртіп бір ғана мемлекеттің мүддесін қорғайтын ережелерге негізделмеуіне және тең қауіпсіздікке негізделуі керек. Басқа елдердің мүдделерін құрметтеу керек, олардың аумағының көлеміне, ЖІӨ көлеміне немесе қайсы бір елдің армиясында заманауи қару-жарақтың бар-жоғына қарамастан, оларға тең дәрежеде қарау керек. Бір тараптың ойлап тапқан ережелеріне емес, халықаралық құқықтың қағидаларына сүйену керек", - деді Путин форумда.
Сондықтан РФ әлемде үстемдік етуші тараптың ұстанымына қарамастан, Ресеймен қарым-қатынас орнатуға ниет білдірген кез келген мемлекетке қолдау көрсетеді. Бұл әлемді жаңа тәртіп пен болашаққа жетелейтін қуатты байланысқа алып келеді.