https://sputnik.kz/20220908/petropavlda-kuyeuin-oltirgen-ayelge-ukim-shyqty-27389616.html
Петропавлда күйеуін өлтірген әйелге үкім шықты
Петропавлда күйеуін өлтірген әйелге үкім шықты
Sputnik Қазақстан
Көз жұмған полицей 32 жаста болған. Екі кішкентай баласы бар ерлі-зайыпты күйеуінің ата-анасымен бірге тұрған 08.09.2022, Sputnik Қазақстан
2022-09-08T12:56+0500
2022-09-08T12:56+0500
2022-09-08T12:56+0500
сот үкімі
https://sputnik.kz/img/111/30/1113058_0:0:3073:1728_1920x0_80_0_0_c9c1b99d3f0e86e4fb09dd4c14185f75.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 8 қыркүйек – Sputnik. Петропавлда полицей болып жұмыс істеген күйеуін өлтірген әйел сотталды. Сот оны сегіз жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Солтүстік Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қылмыстық істі сот төрағасы Сергей Викторенко қарады. Сотталушының, сондай-ақ өлтірілген азаматтың туыстарының өтініші бойынша және "процесске қатысушылардың жеке өмірі туралы мәліметтердің жариялануына жол бермеу мақсатында" сот жабық өтті.Сотта анықталғандай, 31 жастағы сотталушы 2022 жылдың 25 мамырында сағат 02:30 шамасында жанжал кезінде оның кеуде тұсына пышақ сұғып алған. Жәбірленуші оқиға орнында қайтыс болды.Сотталушының кінәсі куәлардың жауаптарымен, оқиға болған жерді қарау хаттамасымен және сараптама қорытындыларымен анықталды.Қазақстан Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігінде сегіз жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.Прокурор сотталушыны сегіз жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Қорғаушы тарап санкцияда көзделген шектен төмен жаза тағайындауды сұрады. Жәбірленуші жаза мөлшері туралы шешімді соттың қарауына қалдырды."Сот сотталушының жасаған әрекетіне шын жүректен өкінгенін, екі кішкентай баласының болуын, сондай-ақ қылмыс жасауға негіз болған жәбірленушінің әрекетін жауапкершілікті жеңілдететін мән-жайлар ретінде таныды. Қылмысты мас күйде жасау оның жауапкершілігін ауырлататын мән-жай деп танылды. Сот жазаның түрі мен мөлшерін белгілеу кезінде аса ауыр қылмыстар санатына жататын қылмыстық құқық бұзушылықтың қоғамдық қауіптілік дәрежесі мен сипатын да ескерді", - деп түсіндірді соттың баспасөз қызметі.Сот жеңілдететін мән-жайларды ескере отырып, сотталушыға Қылмыстық кодекстің жоғарыда аталған бабының санкциясында көзделген жазаның ең аз мөлшерін, яғни сегіз жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/111/30/1113058_142:0:2873:2048_1920x0_80_0_0_a16870dedb10a41bd313cac21052f0f5.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
сот үкімі
Петропавлда күйеуін өлтірген әйелге үкім шықты
Көз жұмған полицей 32 жаста болған. Екі кішкентай баласы бар ерлі-зайыпты күйеуінің ата-анасымен бірге тұрған
НҰР-СҰЛТАН, 8 қыркүйек – Sputnik. Петропавлда полицей болып жұмыс істеген күйеуін өлтірген әйел сотталды. Сот оны сегіз жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Солтүстік Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қылмыстық істі сот төрағасы Сергей Викторенко қарады. Сотталушының, сондай-ақ өлтірілген азаматтың туыстарының өтініші бойынша және "процесске қатысушылардың жеке өмірі туралы мәліметтердің жариялануына жол бермеу мақсатында" сот жабық өтті.
Сотта анықталғандай, 31 жастағы сотталушы 2022 жылдың 25 мамырында сағат 02:30 шамасында жанжал кезінде оның кеуде тұсына пышақ сұғып алған. Жәбірленуші оқиға орнында қайтыс болды.
Сотталушының кінәсі куәлардың жауаптарымен, оқиға болған жерді қарау хаттамасымен және сараптама қорытындыларымен анықталды.
Қазақстан Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігінде сегіз жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Прокурор сотталушыны сегіз жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Қорғаушы тарап санкцияда көзделген шектен төмен жаза тағайындауды сұрады. Жәбірленуші жаза мөлшері туралы шешімді соттың қарауына қалдырды.
"Сот сотталушының жасаған әрекетіне шын жүректен өкінгенін, екі кішкентай баласының болуын, сондай-ақ қылмыс жасауға негіз болған жәбірленушінің әрекетін жауапкершілікті жеңілдететін мән-жайлар ретінде таныды. Қылмысты мас күйде жасау оның жауапкершілігін ауырлататын мән-жай деп танылды. Сот жазаның түрі мен мөлшерін белгілеу кезінде аса ауыр қылмыстар санатына жататын қылмыстық құқық бұзушылықтың қоғамдық қауіптілік дәрежесі мен сипатын да ескерді", - деп түсіндірді соттың баспасөз қызметі.
Сот жеңілдететін мән-жайларды ескере отырып, сотталушыға Қылмыстық кодекстің жоғарыда аталған бабының санкциясында көзделген жазаның ең аз мөлшерін, яғни сегіз жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.