Павлодарда 8-қабаттан құлаған бала бір тәуліктен кейін көз жұмды

© Sputnik / Алексей Куденко / Медиабанкке өтуДәрітамызғыш, архивтегі фото
Дәрітамызғыш, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.09.2022
Жазылу
ПАВЛОДАР, 8 қыркүйек – Sputnik. Павлодарда сегізінші қабаттың терезесінен құлап кеткен екі жасар бала көз жұмды. Бала Павлодар облыстық балалар ауруханасына өте ауыр жағдайда түсті, дәрігерлер оның өмірі үшін бір тәуліктен астам күрескенімен, өкінішке қарай, баланы аман алып қала алмады.
Ауыр жарақаттардың салдарынан нәрестенің жүрегі тоқтап қалды, деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Sputnik Қазақстан хабарлағандай, 6 қыркүйек күні Павлодарда 2 жас 7 айлық бала үйдің сегізінші қабатының терезесінен құлап кетті. Жедел жәрдем сағат 11:17-де шақырылды. Төрт минуттан кейін жедел жәрдем үйдің кіреберісінде болды. Шұғыл көмек көрсетілгеннен кейін ауыр жарақат алған бала облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.
"Баланың жарақаты өте ауыр болды. Оның бас сүйегі мен миына ғана емес, ішкі ағзаларына зақым келген, қан тамырлары, өкпесі жарылған", - дейді облыстық балалар ауруханасы директорының орынбасары Ирина Орсагош.
Дәрігер ота жасалғанын, ішке қан кету тоқтатылғанын атап өтті. Алайда, оның айтуынша, баланың беті бері қарамаған.
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.08.2022
Өңірлер
Жетісу облысында екі жасар бала көпқабатты үйдің терезесінен құлап кетті
Жаңалықтар
0