Павлодар мен Қарағанды ​​облыстарының шекарасында тағы бір өрт сөндірілді

© Photo : ДЧС Павлодарской областиПавлодар мен Қарағанды ​​облыстарының шекарасындағы өрт
Павлодар мен Қарағанды ​​облыстарының шекарасындағы өрт  - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.09.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 8 қыркүйек – Sputnik. Павлодарлық өрт сөндірушілер өрттің Қарағанды ​​облысынан өз аумағына өтуіне жол бермеді, деп хабарлады Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Кеше, 7 қыркүйекте сағат 13.08-де Қарағанды ​​облысы төтенше жағдайлар департаментінің дағдарыс орталығының бөлімінен Қарағанды ​​облысы Бұқар жырау ауданы аумағында орман алқабында өрт шыққаны, өрттің Павлодар облысының аумағына таралу қаупі бар екені туралы хабарлама келіп түсті.
Мұның алдын алу үшін Баянауыл ауданына Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінен төрт техника мен 11 өрт сөндіруші, жергілікті атқарушы органдардан 66 адам мен 13 техника жөнелтілді.
Қарағанды ​​облысының іргелес аумағына жеткенде үлкен аумақта құрғақ шөп пен бұталардың жанып жатқаны анықталды. Ауа райы жағдайына, яғни құрғақ ауа райына, екпінді желге байланысты өрт аумағы Павлодар облысымен шекараға қарқынды түрде ығысып бара жатты.
Қабылданған шаралардың арқасында өрт Павлодар облысының аумағына таралған жоқ.
Жаңалықтар
0