https://sputnik.kz/20220908/ministr-baylyq-salygy-kimge-salynatynyn-aytty-27403241.html
Министр байлық салығы кімге салынатынын айтты
Министр байлық салығы кімге салынатынын айтты
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 8 қыркүйек – Sputnik. Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров қандай мүлікке байлық салығын салынатынын түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik... 08.09.2022, Sputnik Қазақстан
2022-09-08T17:26+0500
2022-09-08T17:26+0500
2022-09-08T17:26+0500
салық
байлық
https://sputnik.kz/img/07e6/06/09/25431588_0:0:2999:1687_1920x0_80_0_0_072b780074d856182fa88f516759fa88.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 8 қыркүйек – Sputnik. Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров қандай мүлікке байлық салығын салынатынын түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Қазақстанда байлық салығы қымбат тұратын мүлікке салынады. Соның ішінде жылжымайтын мүлік, көлік және тағы басқа нысандар бар. Инвестициялық бағасы да ескеріледі. Оның айтуынша, қымбат көліктер маркасына қарай емес, бағасына қарай сараланады. Жалпы, байлығын салығын салу мәселесі сарапшылар мен бизнесмендердің талқысына шығарылады. "Біз осы мәселені сарапшылармен де, бизнеспен де талқылаймыз. Бәлкім, байлық салығы 100 немесе 150 мың доллардан жоғары тұратын көліктерге салынады. Бізде автомобильдер көп қой. Біреулер мініп жүрген көліктің бағасы 60-70 млн теңгеге дейін барады. Ал 1 млн доллар тұратын көлікпен жүретіндер аз", - деп атап көрсетті Қуантыров. Айта кетері, президент Қасым-Жомарт Тоқаев соңғы жолдауында үкіметке байлық салығын салу тетігін әзірлеуді тапсырды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/06/09/25431588_309:0:2558:1687_1920x0_80_0_0_7ae137b4e9f268476a5c277abb6960f5.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
салық, байлық
Министр байлық салығы кімге салынатынын айтты
НҰР-СҰЛТАН, 8 қыркүйек – Sputnik. Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров қандай мүлікке байлық салығын салынатынын түсіндірді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Қазақстанда байлық салығы қымбат тұратын мүлікке салынады. Соның ішінде жылжымайтын мүлік, көлік және тағы басқа нысандар бар. Инвестициялық бағасы да ескеріледі.
"Мүлік бағасына қарай бөлінеді. Мәселен, яхталар, спорткарлар, шетелдегі виллалар, жеке ұшақтар бар. Міне, осындай мүлікке байлық салығы салынады", - деді Қуантыров.
Оның айтуынша, қымбат көліктер маркасына қарай емес, бағасына қарай сараланады. Жалпы, байлығын салығын салу мәселесі сарапшылар мен бизнесмендердің талқысына шығарылады.
"Біз осы мәселені сарапшылармен де, бизнеспен де талқылаймыз. Бәлкім, байлық салығы 100 немесе 150 мың доллардан жоғары тұратын көліктерге салынады. Бізде автомобильдер көп қой. Біреулер мініп жүрген көліктің бағасы 60-70 млн теңгеге дейін барады. Ал 1 млн доллар тұратын көлікпен жүретіндер аз", - деп атап көрсетті Қуантыров.
Айта кетері, президент Қасым-Жомарт Тоқаев соңғы жолдауында үкіметке байлық салығын салу тетігін әзірлеуді тапсырды.