https://sputnik.kz/20220908/arturli-sayasi-kushter-prezidenttikke-umitker-bolady-dep-oylaymyn--ashimbaev-27387255.html
Әртүрлі саяси күштер президенттікке үміткер болады деп ойлаймын – Әшімбаев
Әртүрлі саяси күштер президенттікке үміткер болады деп ойлаймын – Әшімбаев
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 8 қыркүйек – Sputnik. Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев алдағы президент сайлауында Тоқаевтан бөлек кандидат болатынына сенімді, деп хабарлайды... 08.09.2022, Sputnik Қазақстан
2022-09-08T12:08+0500
2022-09-08T12:08+0500
2022-09-08T12:08+0500
президент сайлауы
мәулен әшімбаев
https://sputnik.kz/img/07e5/01/0a/15975815_0:0:3073:1728_1920x0_80_0_0_be88c982e5ff8d1a14df2423725be9e5.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 8 қыркүйек – Sputnik. Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев алдағы президент сайлауында Тоқаевтан бөлек кандидат болатынына сенімді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Сенат отырысынан кейін журналистерге берген сұхбатында спикер Қазақстанда әртүрлі саяси күштер бар екенін, сол себепті Тоқаевтан басқа да лайықты үміткерлер болатынын атап өтті."Үміткерлер жоқ деп айтпайық. Қазақстанда әртүрлі саяси күштер бар, әртүрлі мүдделер бар. Сол себепті алдағы сайлауда Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтан басқа да үміткерлер түседі деп ойлаймыз. Бірақ көріп отырсыздар, бүгінгі күні халқымыздың басым көпшілігі президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бағдарламасын қолдап жатыр", - деді Әшімбаев.Осы орайда сенат төрағасы әділетті Қазақстанның негізгі мақсаттарын еске салды."Бағдарламаның негізгі мақсаты – әділетті Қазақстан құру, заң үстемдігін қамтамасыз ету, әлеуметтік мәселелерді шешу, мемлекеттік капитализмнен кету, бизнесті дамыту, әртүрлі топтарды тәртіпке шақыру. Сондықтан Қазақстан халқы осы өзгерістерді қолдайтынына толықтай сенемін", - деп түйіндеді Әшімбаев.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/01/0a/15975815_0:0:2731:2048_1920x0_80_0_0_c3a58c22f7b4a1e43e91824445f12160.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
президент сайлауы, мәулен әшімбаев
президент сайлауы, мәулен әшімбаев
Әртүрлі саяси күштер президенттікке үміткер болады деп ойлаймын – Әшімбаев
НҰР-СҰЛТАН, 8 қыркүйек – Sputnik. Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев алдағы президент сайлауында Тоқаевтан бөлек кандидат болатынына сенімді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Сенат отырысынан кейін журналистерге берген сұхбатында спикер Қазақстанда әртүрлі саяси күштер бар екенін, сол себепті Тоқаевтан басқа да лайықты үміткерлер болатынын атап өтті.
"Үміткерлер жоқ деп айтпайық. Қазақстанда әртүрлі саяси күштер бар, әртүрлі мүдделер бар. Сол себепті алдағы сайлауда Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтан басқа да үміткерлер түседі деп ойлаймыз. Бірақ көріп отырсыздар, бүгінгі күні халқымыздың басым көпшілігі президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бағдарламасын қолдап жатыр", - деді Әшімбаев.
Осы орайда сенат төрағасы әділетті Қазақстанның негізгі мақсаттарын еске салды.
"Бағдарламаның негізгі мақсаты – әділетті Қазақстан құру, заң үстемдігін қамтамасыз ету, әлеуметтік мәселелерді шешу, мемлекеттік капитализмнен кету, бизнесті дамыту, әртүрлі топтарды тәртіпке шақыру. Сондықтан Қазақстан халқы осы өзгерістерді қолдайтынына толықтай сенемін", - деп түйіндеді Әшімбаев.