Оқиға

Ақтөбе облысында жол апаты қайғылы жағдаймен аяқталды

© Sputnik / Владислав ВодневКарета скорой помощи на дороге столицы
Карета скорой помощи на дороге столицы - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.09.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 8 қыркүйек – Sputnik. Ақтөбе облысында жол апатынан үш адам зардап шегіп, біреуі көз жұмды.
"8 қыркүйек күні сағат 07:30 шамасында ВАЗ-2114 автокөлігінің 27 жастағы жүргізушісі Шұбарқұдық ауылы жағынан Қандыағаш қаласы бағытында келе жатып, рульді басқара алмай, қарсы қозғалысқа арналған жолаққа шығып кетіп, Nissan Teana автокөлігімен соқтығысқан", - деп хабарладыішкі істер министрлігі.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі жүргізуші мен екі жолаушы Темір орталық аудандық ауруханасына жатқызылды. Кейін Nissan Teana автокөлігінің жолаушысы қайтыс болғаны анықталды.
Жаңалықтар
0