700-ден астам студент "Қазақстан халқына" қорының грантын алды

© Sputnik / Абзал КалиевАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.09.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 8 қыркүйек – Sputnik. "Қазақстан халқына" қорының білім гранттары" қайырымдылық бағдарламасы аясында жоғары оқу орындарының ақылы бөлімшелерінде білім алатын 758 студент білім грантын иеленді.
Студенттер "Қазақстан халқына" қоры есебінен білім алып, 40 мың теңге шәкіртақы алу мүмкіндігіне ие болды. Грант иегерлерінің тізімі қордың сайтында жарияланды.
Өтініш 2022 жылдың 1 тамызынан 30 тамызына дейін қабылданды және қор серіктестері – "Taiburyl" ҚБ және "Эндаумент КАЗГЮУ" КҚ платформасы арқылы жүзеге асырылды. Конкурсқа мүмкіндігі шектеулі, кәмелетке толғанға дейін жетім немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, тұрмысы төмен ауыл отбасыларынан, мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған толық емес отбасылардан шыққан студенттер, мүмкіндігі шектеулі ата-аналар/ата-ана қатыса алады.
Бағдарламаға барлығы 79 ұлттық, мемлекеттік және жекеменшік жоғары оқу орны қатысты. Айта кетері, гранттың бір артықшылығы – оны "өтеуге" қойылатын талаптардың жоқтығы.
Бөлінбеген гранттарды және студенттердің өтінімдерді қабылдау мерзімін ұзарту туралы өтінішін ескере отырып, "Қазақстан халқына" қоры қосымша байқау жариялау туралы шешім қабылдады. Байқау 2022 жылдың 8-20 қыркүйегі аралығында жалғасады. Осы кезең ішінде байқау критерийлеріне сәйкес келетін студенттер www.taiburyl.kz сайтында өтініш бере алады.
Жаңалықтар
0