Тоқаев Лиз Трасты Ұлыбритания премьері болып тағайындалуымен құттықтады

© Официальный сайт Президента КазахстанаТоқаев Лиз Трасты құттықтады
Тоқаев Лиз Трасты құттықтады - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.09.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 7 қыркүйек – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлыбритания премьер-министрі Лиз Трассқа құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлады Ақорда.
Президент Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Лиз Трассты Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің премьер-министрі болып тағайындалуымен құттықтады.
Қасым-Жомарт Тоқаев Лиз Трасс үкіметті басқарған кезеңде Ұлыбритания бұдан да гүлденген және орнықты мемлекет құру жолында табанды түрде ілгерілей беретініне сенім білдірді.
"Қазақстан Ұлыбританиямен берік достық байланыстарға, ортақ құндылықтар мен басымдықтарға негізделген әрі ұзақ жылдар бойы қалыптасқан стратегиялық серіктестікті жоғары бағалайды. Қазақ-британ көпқырлы қарым-қатынасын одан әрі нығайту және өзекті жаһандық мәселелер бойынша ұстанымдарымызды үйлестіру үшін тығыз ынтымақтастыққа дайын екенімді жеткізгім келеді", – деп жазылған мемлекет басшысының жеделхатында.
Ұлыбританияның сыртқы істер министрі Лиз Трасс дүйсенбіде Консервативтік партияның басшысы болып сайланды, ал сейсенбіде Елизавета II патшайым Трасқа жаңа премьер-министр ретінде үкіметті жасақтауды тапсырды.
Жаңалықтар
0