Шымкентте газдалған сусын тиелген жүк көлігі өртеніп кетті

© Photo : ДЧС Павлодарской областиӨрт сөндіру машинасы, архивтегі фото
Өрт сөндіру машинасы, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.09.2022
Жазылу
Қазіргі уақытта өрт толық сөндірілген
НҰР-СҰЛТАН, 7 қыркүйек – Sputnik. Шымкент – Түркістан тасжолында азық-түлік тиелген жүк көлігі өртеніп кетті. Бұл туралы OTYRAR порталы хабарлады.
"6 қыркүйекте сағат 20:58 шамасында Абай ауданының Ынтымақ шағын ауданында Шымкент – Түркістан тасжолының бойында Шымкенттен шығаберісте "Мерседес-Бенц Актрос" автокөлігінен өрт шықты. Көліктің азық-түлік, яғни қытырлақ картоп пен газдалған сусын тиелген тіркемесі болған", - деп хабарлады Шымкент қалалық төтенше жағдайлар департаменті.
Қазір өрт толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Өртті сөндіруге төтенше жағдайлар департаментінің 25 қызметкері мен 5 техникасы жұмылдырылды.
Әл-Фараби мен Сейфуллин көшелерінің қиылысына жақын жерде автокөлік толығымен жанып кетті - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.09.2022
Алматыда эвакуатор өртеніп кетті
Жаңалықтар
0