https://sputnik.kz/20220907/shardarada-tarbieshi-balaga-esesin-qaytarudy-uyretken--video-27353572.html
Шардарада тәрбиеші балаға есесін қайтаруды үйреткен – видео
Шардарада тәрбиеші балаға есесін қайтаруды үйреткен – видео
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 7 қыркүйек – Sputnik. Түркістан облысының Шардара қаласындағы жекеменшік балабақшада болған оқиғаға қатысты тергеу басталды, деп хабарлайды Sputnik... 07.09.2022, Sputnik Қазақстан
2022-09-07T11:27+0500
2022-09-07T11:27+0500
2022-09-07T11:38+0500
балабақша
https://sputnik.kz/img/947/78/9477869_0:0:1921:1080_1920x0_80_0_0_3735fb556dba52fc7f7cc15f5be178b4.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 7 қыркүйек – Sputnik. Түркістан облысының Шардара қаласындағы жекеменшік балабақшада болған оқиғаға қатысты тергеу басталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Әлеуметтік желіде тараған видеода егде жастағы әйел кішкентай баланы басынан бірнеше рет ұрады. Одан кейін Алинаны шақырып: "Сенің қандай қақың бар, мен ұрыссам, жарасады, сен біреудің қызын неге ұрасын?", - деп ұрысады. Артынан "біреудің қызы" жылап келіп, оны итеріп жібергенін айтады. Сол кезде тәрбиеші: "Сен де итеріп жібер! Қатты итер!", - деп есесін қайтаруды үйретеді.Түркістан облыстық білім басқармасы ұсынған ақпаратқа сәйкес, бұл оқиға жекеменшік балабақшада болған. Мамандар Whatsapp арқылы тараған видеоны 5 қыркүйекте көрген."Шардара ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімі арнайы комиссия тобын құрып, тексеріс жүргізді. Соның нәтижесінде баланы ұрған тәрбиеші екені белгілі болды. Бөлім тарапынан 05.09.2022 жылғы 06/10-4/234 санды хатпен Шардара ауданының полиция бөліміне тиісті жұмыстарды жүргізуге ықпал жасау жөнінде хат жолданды. Бүгінгі таңда алдын ала анықтау-тергеу амалдары жүргізілуде", - дейді мамандар.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/947/78/9477869_0:0:1707:1280_1920x0_80_0_0_4370bda6c848c8257edaed45a7c82aa3.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
балабақша
Шардарада тәрбиеші балаға есесін қайтаруды үйреткен – видео
11:27 07.09.2022 (жаңартылды: 11:38 07.09.2022) НҰР-СҰЛТАН, 7 қыркүйек – Sputnik. Түркістан облысының Шардара қаласындағы жекеменшік балабақшада болған оқиғаға қатысты тергеу басталды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Әлеуметтік желіде тараған видеода егде жастағы әйел кішкентай баланы басынан бірнеше рет ұрады. Одан кейін Алинаны шақырып: "Сенің қандай қақың бар, мен ұрыссам, жарасады, сен біреудің қызын неге ұрасын?", - деп ұрысады. Артынан "біреудің қызы" жылап келіп, оны итеріп жібергенін айтады. Сол кезде тәрбиеші: "Сен де итеріп жібер! Қатты итер!", - деп есесін қайтаруды үйретеді.
Түркістан облыстық білім басқармасы ұсынған ақпаратқа сәйкес, бұл оқиға жекеменшік балабақшада болған. Мамандар Whatsapp арқылы тараған видеоны 5 қыркүйекте көрген.
"Шардара ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімі арнайы комиссия тобын құрып, тексеріс жүргізді. Соның нәтижесінде баланы ұрған тәрбиеші екені белгілі болды. Бөлім тарапынан 05.09.2022 жылғы 06/10-4/234 санды хатпен Шардара ауданының полиция бөліміне тиісті жұмыстарды жүргізуге ықпал жасау жөнінде хат жолданды. Бүгінгі таңда алдын ала анықтау-тергеу амалдары жүргізілуде", - дейді мамандар.