https://sputnik.kz/20220907/saylaushylar-uadesin-oryndamagan-deputat-27363625.html
Сайлаушылар уәдесін орындамаған депутатты мандатынан айыра алады – жоба мақұлданды
Сайлаушылар уәдесін орындамаған депутатты мандатынан айыра алады – жоба мақұлданды
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 7 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанда депутаттық мандатты кері қайтарып алу институты енгізіледі. Парламент мәжілісі кейбір конституциялық заңдарға... 07.09.2022, Sputnik Қазақстан
2022-09-07T16:05+0500
2022-09-07T16:05+0500
2022-09-07T16:05+0500
саясат
депутат
сайлау
заң жобасы
https://sputnik.kz/img/07e6/04/19/24429376_2:0:2999:1686_1920x0_80_0_0_2e807ed4623badfa28f521ddd3cc5c1c.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 7 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанда депутаттық мандатты кері қайтарып алу институты енгізіледі. Парламент мәжілісі кейбір конституциялық заңдарға өзгерістер енгізу туралы Конституциялық заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Биыл жазда республикалық референдумда қабылданған конституциялық түзетулерге сәйкес, Қазақстанда аралас сайлау жүйесі енгізіледі. Яғни мәжіліс пен мәслихат депутаттары пропорционалды-мажоритарлы үлгіде сайланады. Яғни мәжіліс депутаттарының 30 проценті мажоритарлық жүйемен (сайлау округінің халқы дауыс береді), ал қалған 70 проценті бұрынғыдай партиялық тізіммен өтеді. Сонымен қатар, сайлаушыларға уәдесінде тұрмаған депутатты кері қайтару құқығы беріледі. Айтуынша, сайлаушылардың 30 проценті тізімге қол қоюға тиіс."Ондай жағдайда сайлау комиссиясы сайлау күнін анықтайды, содан кейін сайлаушылардың 50 пайыздан астамы мандатты кері қайтарып алуға дауыс берсе, онда мандаты кері қайтарылады", - деді ол.Мәжіліс депутаттары аталған өзгерісті қолдап дауыс берді. Еске салсақ, президент Қасым-Жомарт Тоқаев биыл наурыздағы жолдауында аралас сайлау жүйесіне көшуді ұсынған болатын. Мемлекет басшысының айтуынша, бүгінде сайлаушылар өз өңірінің өкілдерін де танымайды.
https://sputnik.kz/20220907/mazhilis-toragasy-elorda-astana-atauy-27361323.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/04/19/24429376_376:0:2624:1686_1920x0_80_0_0_10a5fc54ed9e95b8df47a724a78288b9.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
депутат, сайлау, заң жобасы
депутат, сайлау, заң жобасы
Сайлаушылар уәдесін орындамаған депутатты мандатынан айыра алады – жоба мақұлданды
НҰР-СҰЛТАН, 7 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанда депутаттық мандатты кері қайтарып алу институты енгізіледі. Парламент мәжілісі кейбір конституциялық заңдарға өзгерістер енгізу туралы Конституциялық заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Биыл жазда республикалық референдумда қабылданған конституциялық түзетулерге сәйкес, Қазақстанда аралас сайлау жүйесі енгізіледі. Яғни мәжіліс пен мәслихат депутаттары пропорционалды-мажоритарлы үлгіде сайланады. Яғни мәжіліс депутаттарының 30 проценті мажоритарлық жүйемен (сайлау округінің халқы дауыс береді), ал қалған 70 проценті бұрынғыдай партиялық тізіммен өтеді.
Сонымен қатар, сайлаушыларға уәдесінде тұрмаған депутатты кері қайтару құқығы беріледі.
"Депутаттың мандатын кері қайтарып алу туралы жаңа институт заңнамаға енгізіліп отыр. Бұл реформаның маңызды қадамы. Өйткені бұрын-соңды мұндай норма болған емес. Депутаттық мандатты кері қайтару үшін сайлаушылар дауыс жинауы керек", - деп түсіндірді әділет министрі Қанат Мусин мәжілістің жалпы отырысында.
Айтуынша, сайлаушылардың 30 проценті тізімге қол қоюға тиіс.
"Ондай жағдайда сайлау комиссиясы сайлау күнін анықтайды, содан кейін сайлаушылардың 50 пайыздан астамы мандатты кері қайтарып алуға дауыс берсе, онда мандаты кері қайтарылады", - деді ол.
Мәжіліс депутаттары аталған өзгерісті қолдап дауыс берді.
Еске салсақ, президент Қасым-Жомарт Тоқаев биыл наурыздағы жолдауында аралас сайлау жүйесіне көшуді ұсынған болатын. Мемлекет басшысының айтуынша, бүгінде сайлаушылар өз өңірінің өкілдерін де танымайды.