https://sputnik.kz/20220907/qazaqstanda-adam-quqyqtary-zhonindegi-uakildin-quzyreti-kusheyedi-27352474.html
Қазақстанда Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің құзыреті күшейеді
Қазақстанда Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің құзыреті күшейеді
Sputnik Қазақстан
Омбудсменге арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін ұйымдарға және түрмелерге еш кедергісіз бару құқығы беріледі 07.09.2022, Sputnik Қазақстан
2022-09-07T10:32+0500
2022-09-07T10:32+0500
2022-09-07T10:32+0500
адам құқығы
омбудсмен
https://sputnik.kz/img/23/37/233776_1228:1323:6016:4016_1920x0_80_0_0_91ca11f987cc9fc93ab1a0ca0109f22e.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 7 қыркүйек – Sputnik. Парламент мәжілісі "Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы" заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Құжат омбудсменнің құзыретін күшейтіп, қызметін ұйымдастырады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Әділет министрі Қанат Мусиннің айтуынша, заң жобасының мақсаты – адам және азамат құқықтарын іске асырудың кепілі ретінде Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің конституциялық мәртебесін бекіту бөлігінде Конституцияға енгізілген өзгерістерді іске асыру.Заң жобасында Уәкілдің құзыретін күшейту және оның қызметін ұйымдастырудың тиімділігін арттыру көзделген.Омбудсменге адамның және азаматтың Конституцияда бекітілген құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын нормативтік-құқықтық актілердің Конституцияға сәйкестігі мәселесі бойынша Конституциялық сотқа жүгіну құқығы беріледі.Сондай-ақ басқа мемлекеттердің шақыруымен адам құқықтары мен бостандығының сақталуына байқаушы ретінде әрекет ету құқығын беру ұсынылып отыр."Уәкілдің құзыретін күшейту мақсатында оның арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдарға және қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріне кедергісіз бару құқығы бекітіледі", -деді министр.Бұдан бөлек, адам құқықтары жөніндегі Ұлттық орталық басшысының орынбасары лауазымы енгізіледі және Ұлттық орталықтың қосымша функциялары белгіленеді.Мәжіліс заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/23/37/233776_1598:962:5670:4016_1920x0_80_0_0_86691964394c7c583983e41c2cdb46f5.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
адам құқығы, омбудсмен
Қазақстанда Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің құзыреті күшейеді
Омбудсменге арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін ұйымдарға және түрмелерге еш кедергісіз бару құқығы беріледі
НҰР-СҰЛТАН, 7 қыркүйек – Sputnik. Парламент мәжілісі "Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы" заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Құжат омбудсменнің құзыретін күшейтіп, қызметін ұйымдастырады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Әділет министрі Қанат Мусиннің айтуынша, заң жобасының мақсаты – адам және азамат құқықтарын іске асырудың кепілі ретінде Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің конституциялық мәртебесін бекіту бөлігінде Конституцияға енгізілген өзгерістерді іске асыру.
"Өздеріңіз білетіндей, Конституцияның жаңа 83-1-бабының нормаларымен Уәкіл қызметінің міндеттері, тәуелсіздігі мен өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде қандай да бір өзге мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың алдында есеп бермеуінің кепілдіктері бекітілді. Бұдан былай Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің құқықтық жағдайы мен оның қызметін ұйымдастыру конституциялық заңмен айқындалады", - деді Мусин мәжілістің жалпы отырысында.
Заң жобасында Уәкілдің құзыретін күшейту және оның қызметін ұйымдастырудың тиімділігін арттыру көзделген.
Омбудсменге адамның және азаматтың Конституцияда бекітілген құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын нормативтік-құқықтық актілердің Конституцияға сәйкестігі мәселесі бойынша Конституциялық сотқа жүгіну құқығы беріледі.
Сондай-ақ басқа мемлекеттердің шақыруымен адам құқықтары мен бостандығының сақталуына байқаушы ретінде әрекет ету құқығын беру ұсынылып отыр.
"Уәкілдің құзыретін күшейту мақсатында оның арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдарға және қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріне кедергісіз бару құқығы бекітіледі", -деді министр.
Бұдан бөлек, адам құқықтары жөніндегі Ұлттық орталық басшысының орынбасары лауазымы енгізіледі және Ұлттық орталықтың қосымша функциялары белгіленеді.
Мәжіліс заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.