Ішкі істер министрлігі арнайы операция кезінде 11 адамды ұстады

© Sputnik / Владимир Песня / Медиабанкке өтуТергеу абақтысының қызметкері
Тергеу абақтысының қызметкері - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.09.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 7 қыркүйек – Sputnik. Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері трансұлттық қылмыстық топтардың 11 мүшесін ұстады.
Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті Бас прокуратураның көмегімен бір-бірімен текетірескен екі трансұлттық қылмыстық топтың жолын кесті. Олар өз ұлтының кәсіпкерлеріне заңсыз алым салып, олардың арасында қылмыстық идеялар мен ұрылардың ұстанымдарын енгізуге әрекеттенген.

"Алматы, Атырау, Петропавл, Ақтау қалалары мен Жамбыл облысының аумағында жүргізілген арнайы операция кезінде жедел қызметкерлер қылмыстық топтардың 11 қатысушысын, соның ішінде қылмыстық текетірестерге тартылған "киллерді" ұстады", - деп хабарлады Polisia.kz.

Олардың жүрген жерлері мен тұрғылықты мекенжайларына 25 тінту іс-шарасы жүргізіліп, атыс қаруының арсеналы, шетел валютасындағы үлкен көлемдегі ақша, сондай-ақ аса ірі мөлшерде есірткі тәркіленді.
Ұсталғандарға қатысты "күзетпен ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Басқа да қылмыскерлерді ұстау және жауапкершілікке тарту шаралары қабылданып жатыр.
Жаңалықтар
0